Байланыс формасы

Жол саласын реформалау мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 12 ақпан N 227

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар  Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетiнiң аумақтық органдары "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарының филиалдары мүлкiнiң негiзiнде олардың қызмет етуi үшiн қажетті 280 адам санының лимитiмен мемлекеттік мекемелер құрылсын.<*> 
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.14. N 1527  қаулысымен .
      2.<*>
       Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.10.14. N 1527 қаулысымен.

      3. "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - Кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Автомобиль жолдары және автомобиль көлiгi комитетi Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.<*> 
       Ескерту. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.14. N 1527 қаулысымен.

      5. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгі нысанасы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын ұстау көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысты орындау болып белгiленсiн.<*>
       Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.14. N 1527  қаулысымен .

      6. Кәсіпорын "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының борыштары бойынша құқықтық мұрагер болып белгіленсін.

      7. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.

      8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872  қаулысына
      аталған қаулыға 1 қосымшада: 
      ІҮ "Шығыстар" деген бөлімдегі 12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобының "Автомобиль көлігі" ішкі функциясының 215 "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттік мекемесінде: 
      34 "Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану" бағдарламасының 12 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша "5263895" деген сан "4912814" деген санмен ауыстырылсын; 
      34 "Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану" бағдарламасының 12 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 30 және 31 кіші бағдарламалармен толықтырылсын: 
      "30 Автомобиль жолдары республикалық мемлекеттік мекемесі 327031 
      31 "Инжиниринг" автомобиль жолдарының ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесі 24050"; 
      36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасының 30 "Павлодар-Қарағанды жолының айналмалы учаскесін салу", 31 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу" кіші бағдарламаларындағы "320000" және "1433809" сандар "658509" және "1000000" деген сандармен ауыстырылсын; 
      36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасының 31 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 32 кіші бағдарламасымен толықтырылсын: 
      "32. Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы көпірдің құрылысын салу 95300"; 
      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 
      12 "Көлік және байланыс" функционалдық топтағы "5424058", "1750000", "1950000", "1724058" деген сандар тиісінше "5072977", "1650000", "1800000", "1622977" деген сандармен ауыстырылсын; 
      "215. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" мекемесінде: 
      мемлекеттік тілдегі мәтіні дұрыс; 
      "5263895" деген сан "4912814" деген санмен ауыстырылсын; 
      34 "Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану" бағдарламасы бойынша "5263895" деген сан "4912814" деген санмен ауыстырылсын; 
      12 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасы бойынша "5263895", "1750000", "1950000", "156895" деген сандар тиісінше "4912814", "1650000", "180000", "1462814" деген сандармен ауыстырылсын; 
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада: 
      12 "Көлік және байланыс" функционалдық тобының 1 "Автомобиль көлігі" ішкі функциясының 215 "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" мемлекеттік мекемесінде: 
      34 "Республикалық деңгейде жол жүйесін пайдалану" бағдарламасының 12 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 30 және 31 кіші бағдарламалармен толықтырылсын: 
      "30 Автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесі - Ұстау; 
      31 "Инжиниринг" автомобиль жолдарының ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесі - Ұстау"; 
      36 "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы және қайта жаңарту" бағдарламасының 31 "Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу" кіші бағдарламасынан кейін мынадай мазмұндағы 32 кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
      "32. Орал қаласы ауданында Орал өзені арқылы көпірдің құрылысын салу - Мемлекеттік тапсырыс".
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      9. "Қазақ автомобиль жолы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы N 1266  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 47, 421-құжат) күші жойылды деп танылсын.
 

      10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің          
2000 жылғы 12 ақпандағы   
N 227 қаулысына       
1-қосымша       

       Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.14. N 1527  қаулысымен .

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық мемлекеттік органдарының
Тізбесі

____________________________________________________________________
N  !           Атауы               !        Орналасқан жері
____________________________________________________________________
1     Ақмола автомобиль жолдарының       Көкшетау қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
2     Ақтөбе автомобиль жолдарының       Ақтөбе қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
3     Алматы автомобиль жолдарының       Алматы қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
4     Атырау автомобиль жолдарының       Атырау қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
5     Шығыс Қазақстан автомобиль         Өскемен қаласы
      жолдарының облыстық 
      басқармасы
____________________________________________________________________
6     Жамбыл автомобиль жолдарының       Тараз қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
7     Батыс Қазақстан автомобиль         Орал қаласы
      жолдарының облыстық
      басқармасы
____________________________________________________________________
8     Қарағанды автомобиль жолдарының    Қарағанды қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
9     Қызылорда автомобиль жолдарының    Қызылорда қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
10    Қостанай автомобиль жолдарының     Қостанай қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
11    Маңғыстау автомобиль жолдарының    Ақтау қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
12    Павлодар автомобиль жолдарының     Павлодар қаласы
      облыстық басқармасы
____________________________________________________________________
13    Солтүстік Қазақстан автомобиль     Петропавл қаласы
      жолдарының облыстық
      басқармасы
____________________________________________________________________
14    Оңтүстік Қазақстан автомобиль      Шымкент қаласы
      жолдарының облыстық
      басқармасы
____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2000 жылғы 12 ақпандағы  
N 227 қаулысына      
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалдарының
Тізбесі

____________________________________________________________________
N  !          Филиалдардың атауы              ! Орналасқан жері   
р/с
____________________________________________________________________
1   Ақмола облыстық филиалы                   Астана қаласы
2   Ақтөбе облыстық филиалы                   Ақтөбе қаласы
3   Алматы облыстық филиалы                   Алматы қаласы
4   Атырау облыстық филиалы                   Атырау қаласы
5   Шығыс Қазақстан облыстық филиалы          Өскемен қаласы
6   Жамбыл облыстық филиалы                   Тараз қаласы
7   Батыс Қазақстан облыстық филиалы          Орал қаласы
8   Қарағанды облыстық филиалы                Қарағанды қаласы
9   Қызылорда облыстық филиалы                Қызылорда қаласы
10  Қостанай облыстық филиалы                 Қостанай қаласы
11  Маңғыстау облыстық филиалы                Ақтау қаласы
12  Павлодар облыстық филиалы                 Павлодар қаласы
13  Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы      Петропавл қаласы
14  Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы       Шымкент қаласы
15  Алматы қаласы бойынша филиал              Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады