Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 ақпан N 286

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 1364 P991364_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 46, 423-құжат):
      қаулының атауы мен мәтiнiндегi "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң", "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң", "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң "Медициналық қызмет көрсетулерге ақы төлеу жөнiндегi орталығы" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын";
      2-тармақта:
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "денсаулық сақтау саласындағы реформалардың ақпараттық iлеспесi";
      төртiншi абзац алынып тасталсын.
      3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      25-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 65-тармақпен толықтырылсын:
      "65. "Денсаулық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны".
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады