Байланыс формасы

"Көмiр" әскерилендiрілген авариялық-құтқару қызметi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру және "Қазақстан Республикасы көмiр өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмшесi" қазыналық кәсіпорнын тарату туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 ақпан N 307

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, республиканың көмiр өнеркәсiбiнiң ұйымдарында профилактикалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру, салалық авариялық-құтқару қызметтерiнде дара басшылық принципін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттігінiң "Көмiр" әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметi" республикалық қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) құрылсын.
      2. Кәсiпорынның қызметiнің негiзгi нысанасы:
      1) көмiр өнеркәсiбiнің қызмет көрсететiн кәсiпорындарында авария кезiнде адамдарды құтқару және көшiру, тiкелей жұмыс орындарында және көшiру кезiнде оларға алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету;
      2) өрт сөндiру, газ жарылысы мен шаң-тозаңның, тау-кен дүмпуiнің, тау кенi орындарының газдану және су басу зардаптарын жою, қызмет көрсететiн объектiлерде төтенше және авариялық жағдайларда жүргiзiлетiн басқа да арнайы жұмыстарды орындау.
      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнің функциясын жүзеге асырушы орган болып айқындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн;
      2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. "Қазақстан Республикасы көмiр өнеркәсiбiнің әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмшесi" қазыналық кәсiпорны таратылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасы көмiр өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмшесi" қазыналық кәсiпорнын таратуды жүргiзсiн, таратылғаннан кейiн қалған мүлiктi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiне берсiн.
      6-1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң "Қазақстан Республикасы көмiр өнеркәсiбiнiң әскерилендiрiлген тау-кен құтқару бөлiмшесi" қазыналық кәсiпорнының қызметкерлерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн мiндеттемелерiн Кәсiпорынға жүктеу туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               2000.08.04. N 1195 қаулысымен. P001195_
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады