Қазақстан Республикасының бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер беру және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 сәуір N 523

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық обьектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiне сәйкес және Шығыс

 

Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан облыстары және Алматы

қаласы әкiмдерiнiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының

Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

     1. 1-қосымшаға сәйкес бiлiм және мәдениет ұйымдарына есiмдер берiлсiн.

     2. 2-қосымшаға сәйкес бiлiм ұйымдары қайта аталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі

                                                   Қазақстан Республикасы

                                                       Yкiметiнiң

                                                   2000 жылғы 7 сәуірдегі

                                                      N 523 қаулысына

                                                        1-қосымша


           Атақты тарихи тұлғалардың, белгiлi мемлекет және қоғам

                  қайраткерлерiнiң, көрнектi ғалымдардың,

             жазушылардың, ұстаздардың есiмдерi берiлген бiлiм

                        және мәдениет ұйымдарының

                                 тiзбесi


                      Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Шымкент заң колледжiне - Бауыржан Момышұлының есiмi;

     Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылдық округiндегi N 70 орта мектепке -

Сапаш Байғозиевтың есiмi;

     Бәйдiбек ауданының Алғабас ауылдық округiндегi "Тұрмыс-2" орта

мектебiне - Таңатар Қазақбаевтың есiмi;

     Бәйдiбек ауданының "Кеңес" орта мектебiне - Өмiрбек Жолдасбековтың

есiмi;


                      Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша


     Солтүстiк Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрына - Сәбит

Мұқановтың есiмi;

     Есiл ауданының Ленин ауылшаруашылығы колледжiне Жәлел Қизатовтың

есiмi;

     Шал ақын ауданының Ленин орта мектебiне - Мәркен Ахметбековтың есiмi;


                        Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Аягөз ауданының N 16 орта мектебiне - Кешiрiмхан Бозтаевтың есiмi;

     Қатонқарағай ауданының Еңбек орта мектебiне - Садық Түкiбаевтың есiмi;

     Өскемен қаласының N 20 орта мектебiне - Ахмет Байтұрсыновтың есiмi;


                             Алматы қаласы бойынша


     Бостандық ауданының N 38 қазақстан-ресей гимназиясына - Михаил

Ломоносовтың есiмi.

                                                    Қазақстан Республикасы

                                                         Yкiметiнiң

                                                    2000 жылғы 7 сәуірдегі

                                                       N 523 қаулысына

                                                         2-қосымша


                   Қайта аталуға жататын бiлiм ұйымдарының

                                    тiзбесi


                      Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Шымкент қаласының N 8 Ленин атындағы гимназия-мектебi - Мұхамед

Хайдар Дулати атындағы гимназия-мектеп;

     Шымкент қаласының N 5 Калинин атындағы орта мектебi - Молда Мұса

атындағы орта мектеп;

     Мақтаарал ауданының Атамекен ауылдық округiндегi "Бiрлiк" орта

мектебi - "Мақташы" орта мектебi;

     Мақтаарал ауданының Атамекен ауылдық округiндегі М. Әуезов атындағы

орта мектеп - "Жiбек жолы" орта мектебi;

     Мақтаарал ауданының Бiрлiк ауылдық округiндегi С. Сейфуллин атындағы

орта мектеп - "Береке" орта мектебi;

     Мақтаарал ауданының Бiрлiк ауылдық округiндегi Б. Момышұлы атындағы

орта мектеп - "Болашақ" орта мектебi;

     Мақтаарал ауданының Иiржар ауылдық округiндегi Әбдуәлi Тәжiбаев

атындағы орта мектеп - "Мақтажан" орта мектебi;

     Мақтаарал ауданының Мырзакент кентiндегi N 18 Г. Титов атындағы орта

мектеп - "Мырзакент" орта мектебi;

     Мақтаарал ауданының Қарақай ауылдық округiндегi Ы. Алтынсарин

атындағы орта мектеп - "Қараөзек" орта мектебi;


 
       Мақтаарал ауданының Ж. Нұрлыбаев атындағы ауылдық округіндегі С. Киров атындағы орталау мектеп - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орталау мектеп;
      Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округiндегi К. Маркс атындағы орта мектеп - Нұрғиса Тiлендиев атындағы орта мектеп;
      Сайрам ауданының Қызылқыстақ ауылдық округiндегi N 65 "Қызылқыстақ" орталау мектебi - Әбдiрашид Мұзрапов атындағы орталау мектеп;
      Сарыағаш ауданының Абай ауылдық округiндегi N 24 Қазақ ССР-iнiң 50

 

жылдығы атындағы орта мектеп - Өзбекәлi Жәнiбеков атындағы орта мектеп;

     Сарыағаш ауданының Бiрлесу ауылдық округiндегi ХХI партсъезд атындағы

орта мектеп - "Жуантөбе" орта мектебi;

     Түркiстан қаласының N 17 М. Әуезов атындағы орта мектебi - Ататүрiк

атындағы орта мектеп;


                       Шығыс Қазақстан облысы бойынша


     Аягөз ауданының Шыңғожа ауылындағы Ленин атындағы орта мектеп -

Шыңғожа орта мектебi;


                           Алматы қаласы бойынша


     Р. Глиэр атындағы N 2 балалар музыкалық мектебi - Тiлес Қажығалиев

атындағы балалар музыкалық мектебi.




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады