Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 және 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі N 531 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;

      2) "Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикiзаты бойынша жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 ақпандағы N 183 P000183_ қаулысына:

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Құзыреттi органның 2000 жылы инвестициялық бағдарламалардың ашық конкурсына қоюына жататын қатты пайдалы қазбалар мен көмiрсутегi шикізаты бойынша Қазақстан Республикасының жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) тiзбесiнде:

      "Қатты пайдалы қазбаларды өндiру" тарауы мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 6-1, 6-2 - жолдармен толықтырылсын:

      "6-1 Старое қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан

      6-2 Чашинское қалдық сақтауы орны алтын Шығыс Қазақстан".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.30 № 1456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады