Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 570 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 375 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 375 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Биржалық сауданы және биржалық тауарлармен операцияларды мемлекеттік реттеуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) құрамы бекітілсін.
      2. Комиссия:
      1) бір ай мерзімде:
      Комиссия туралы ережені:
      биржалық тауарлардың тізбесін әзірлесін және бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін:
      2) Комиссия туралы ереже бекітілген күннен бір ай мерзімде:
      Қазақстан Республикасындағы тауар биржаларының қызметіне талдау жүргізсін және оларды дамыту жөніндегі шараларды, олардың қаржылық тұрақтылығы, сауда-саттықтарды ұйымдастырудың, тауар биржаларын технологиялық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды әзірлесін;
      кедендік және салықтық бақылауды жақсарту мақсатында көтерме саудалық

 

мәмілелер бойынша биржалық айналыстың тетігін әзірлесін.

     3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір

шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                       2000 жылғы 13 сәуірдегі

                                     N 570 қаулысымен бекітілген


     Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссияның

                        құрамы


     Әзімов Руслан             - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

     Жұмабайұлы                  сатып алу жөніндегі агенттігінің төрағасы,

                                 төраға


     Бозымбаев Қанат           - Қазақстан Республикасы Энергетика,

     Алдабергенұлы               индустрия және сауда вице-министрі,

                                 төрағаның орынбасары


     Андрюшенко Александр      - Қазақстан Республикасының Экономика

     Иванович                    вице-министрі


     Дүйсебаев Мұхамеджан      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік

     Жұмабекұлы                  сатып алу жөніндегі агенттігінің Есеп

                                 және мониторинг басқармасы

                                 бастығының орынбасары, хатшы


     Жолдасбаев Сансызбай      - Қазақстан Республикасының Статистика

     Елеусізұлы                  жөніндегі агенттігі төрағасының

                                 орынбасары


     Тәжмақин Дәулет           - Қазақстан Республикасының Ауыл

     Қабазұлы                    шаруашылығы министрлігі Стратегия

                                 және мемлекеттік реттеу департаментінің

                                 директоры


     Сұлтанғазин Әнуарбек      - Қазақстан Республикасының Табиғи

     Жәлелұлы                    монополияларды реттеу, бәсекелестікті

                                 қорғау және шағын бизнесті қолдау

                                 жөніндегі агенттігі төрағасының

                                 орынбасары


     Мұхамеджанов Бектас       - Қазақстан Республикасы

     Ғапурұлы                    Премьер-Министрінің кеңесшісі


     Рыспанов Нұрлан           - Қазақстан Республикасының Энергетика,

     Бектасұлы                   индустрия және сауда министрлігі Ауыр

                                 өнеркәсіп департаментінің директоры


     Сембин Асқар              - Қазақстан Республикасының Әділет

     Болатұлы                    министрлігі Заңдар департаментінің

                                 директоры


     Тілеулесов Биғали         - Қазақстан Республикасының

     Жақсылықұлы                 Мемлекеттік кіріс министрлігі Ірі салық

                                 төлеушілер департаментінің директоры


     Досаев Ерболат            - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Асқарбекұлы                 вице-министрі


     Шерман Александр          - Қазақстан Биржа одағының президенті

     Ильич                       (келісім бойынша)



                                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                         2000 жылғы 13 сәуірдегі

                                             N 570 қаулысына

                                                қосымша


              Қазақстан Республикасы Үкіметінің

              күші жойылған кейбір шешімдерінің

                          Тізбесі



 
       1. "Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия туралы, тауар биржаларын лицензиялау туралы ережелерді және Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссияның құрамын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 P950755_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 19, 216-құжат).
      2. "Тауар биржалары жөніндегі республикалық комиссия құрамына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 ақпандағы N 197 P960197_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 8, 54-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 30

 

мамырдағы N 755 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 тамыздағы N 1012 


P961012_
 


қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 318-құжат).

     4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 30

мамырдағы N 755 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1996 жылғы 13 қарашадағы N 1382 


P961382_
 

  қаулысы (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 46, 445-құжат).




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.        














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады