Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 17 сәуір N 587

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқығы бар "Оқу-спорт орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

      2. Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган ретiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi белгiленсiн.

      3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi мынадай болып анықталсын:
      1) спорт ғимараттарын, спорттық жабдықтарды басқарумен және пайдаланумен байланысты қызметтердi жүзеге асыру;
      2) спорт ғимараттарын ұстау, дамыту және құрылысы.

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңдармен белгiленген тәртiпте:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады