Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгінің республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 сәуір N 604

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 

      1. Мыналар қайта құру жолымен: 
      Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Күләш Байсейiтова атындағы республикалық музыкалық колледжi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - "Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме); 
      Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны - "Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Қазақстан Рсспубликасының Қаржы министрлiгi 2000 жылға арналған республикалық бюджетте 31 "Дарынды балаларды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 36 "Күләш Байсейiтова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты" кiшi бағдарламасы бойынша және 44 "Арнайы бiлiм бағдарламаларын жүзеге асыру" бағдарламасының 30 "Жетiлуiнде проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде мекемелердiң қаржыландырылуын белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 

      3. Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) мекемелердiң жарғыларын бекiтсiн; 
      2) мекемелердiң әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады