Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 сәуір N 632.

      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасының қызметін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын тарату туралы Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                         2000 жылғы 24 сәуірдегі
                                             N 632 қаулысына
                                                қосымша

         "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы"
           республикалық мемлекеттік кәсіпорнының таратылатын
                 еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының
                               Тізбесі

      1. Ақмола "Жобалардың мемлекеттік сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.
      2. Алматы қалалық "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" еншілес мемлекеттік кәсіпорыны (Мемсараптама).
      3. "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Алматыоблсараптама" Алматы облыстық жобалардың сараптамасы еншілес мемлекеттік кәсіпорыны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады