Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Республикалық клиникалық аурухана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 17 мамыр N 736

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң шаруашылық жүргiзу құқындағы "Республикалық клиникалық аурухана" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы азаматтардың науқастарының алдын алу, диагностика және емдеу жөнiндегi медициналық және дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасымен келiсiм бойынша бiр ай мерзiмде Кәсiпорынның арнаулы бөлiмдерiнде және емханасында азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсетудiң тәртiбiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады