Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбiр объектiлерiн сақтау жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 мамыр N 779

      "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шiлдедегi және "Мәдениет туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан халқының тарихи-мәдени объектiлерiне жататын қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлігі Мәдениет комитетiнiң "Алтын және қымбат бағалы металдар мұражайы" республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорыны, оның негізгi мiндеттерi қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұраны есепке алу, анықтау, зерттеу, күтiп ұстау, сақтап қою, жаңғырту, қайта туындату, мұражайландыру және насихаттау болып белгіленiп, "Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттiк мұражайы" Мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi - Мұражай) етiп өзгерту жолымен қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен:
      бiр айлық мерзiмде Мұражайдың жарғысын бекiтiп, оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкіметiне қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Мұражайға сақтауға берушi меншiк иелерiн материалдық және моральдық көтермелеу шаралары туралы ұсыныстар енгізсiн;
      үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұражайлары қорларында, сондай-ақ жеке жинақтамаларда тұрған қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұраның объектiсiн Мұражайдың сақтауына берудi ұйымдастырсын;
      2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде Қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн бекiтсiн және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
      Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау және есепке қою мақсатында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi комиссиялардың республиканың барлық аймақтарындағы көшпелi отырыстарын тұрақты өткiзудi практикаға енгiзiп, аталған комиссиялардың жұмысын жандандырсын;
      халық арасында қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектiлерiне күтiмдi көзқарастың қажеттiгi, оларды Мұражайдың сақтауына берудің орындылығы және аталған бұйымдарды мемлекет сақтауына берген олардың меншiк иелерi - азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының сақталуына мемлекет беретiн кепiлдiктер туралы түсiндiру жұмысын тұрақты жүргiзетiн болсын.
      Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiм бойынша) және Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп 10 күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкiметiне мұражайды Алматы қаласында орналастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектілерін елден заңсыз алып кетудiң жолын кесу жөнiндегi жұмысты күшейтсін.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады