Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездік, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийі ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 мамыр N 802

      Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақ Республикасының Үкiметi қаулы етеді: <*>
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.15. N 1055 қаулысымен.
     1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездік, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийі ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң              
2000 жылғы 26 мамырдағы       
N 802 қаулысымен          
бекiтiлген             

Санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық
мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық
лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi
сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi

1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
  санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк, психоневрологиялық мекемелер, сот сараптамасы органдары, Қазақ республикалық лепрозорийi ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi

     1. Психоневрологиялық (емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары), туберкулездiк мекемелер (қосалқы шаруашылықтар), Қазақ республикалық лепрозорийi (қосалқы шаруашылық) ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражат мынадай тәртiппен:
      жоғарыда көрсетiлген мекемелерде емделудегi науқастар үшiн азық-түлiк тағамдарын, медикаменттердi және медициналық мақсаттағы өзге де құралдарды сатып алуға;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының, қосалқы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
      емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн науқастарға әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетуге;
      психоневрологиялық мекемелердiң жанындағы емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында жұмыс iстейтiн науқастарға сыйақылар төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының және қосалқы шаруашылықтардың өндiрiстiк қызметiне байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады.
      2. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын, өтiнiштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен зертханалық зерттеулердi жүргiзуден, нормативтiк-техникалық және бланк өнiмдерiн өндiру мен дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсетулердi сатудан, кәсiптiк-гигиеналық даярлықты жүргiзуден түскен қаражат мынадай тәртiппен:
      санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаларды, оның iшiнде зертханалық зерттеулердi орындауға байланысты шығыстарды жабуға;
      жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарға;
      республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның нормативтік-техникалық, баспа өнiмдерiн өндiруге байланысты шығыстарына; <*>
      кәсiптiк-гигиеналық даярлықты жүргiзуге, оның iшiнде тартылатын сарапшылардың, оқытушылардың еңбегiне ақы төлеуге байланысты шығыстарға;
      үй-жайлар мен басқа да объектілерге дезинфекция,  дезинсекция, дератизация жүргізуге байланысты шығыстарға:
      санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіруге пайдаланылады.<*>
      Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.15. N 1055 қаулысымен .
      3. Сот сараптамасы өндiрiсiне, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi бекiткен бағдарламаларға кiрмейтiн, шарттардың негiзiнде орындалатын ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзуге байланысты сот сараптамасы органдары (Сот медицинасының орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерi) ұсынатын қызмет көрсетулердi сатудан түсетiн қаражат мынадай тәртiппен:
      сот сараптамасы органдары ғылыми және ғылыми-әдiстемелiк зерттеулер жүргiзу арқылы өзiнiң өндiрiсiне байланысты шеккен шығыстарды жабуға;
      сот-медициналық сарапшыларды кәсiптiк даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;
      сот-медициналық сараптама органдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жетiлдiруге пайдаланылады.

2. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын санитарлық-эпидемиологиялық, туберкулездiк психоневрологиялық
мекемелер ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан
түскен қаражатты пайдаланудың ережесi

      4. Психоневрологиялық мекемелер (емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханалары), туберкулездiк мекемелер мен санаторийлер (қосалқы шаруашылықтар) ұсынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражат мынадай тәртiппен:
      жоғарыда көрсетiлген мекемелерде емделуде жүрген науқастар үшiн азық-түлiк тағамдарын, медикаменттер мен өзге де медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алуға;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының, қосалқы шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
      емдеу-өндiрiстiк шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн науқастарға әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетуге;
      психоневрологиялық мекемелердiң жанындағы емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында жұмыс iстейтiн науқастарға сыйақылар төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларында және қосалқы шаруашылықтарда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге;
      емдеу-өндiрiстiк (еңбек) шеберханаларының және қосалқы шаруашылықтардың өндiрiстiк қызметiне байланысты шығыстарды жабуға пайдаланылады.
      5. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер ұсынатын, өтініштер бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен зертханалық зерттеулерді жүргізуден, нормативтік-техникалық және бланк өнімдерін өндіру мен дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет көрсетулерді сатудан, кәсіптік-гигиеналық даярлықты жүргізуден түскен қаражат мынадай тәртіппен:
      санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаларды, оның iшiнде зертханалық зерттеулердi орындауға байланысты шығыстарды жабуға;
      жабдықтарды метрологиялық қамтамасыз етуге байланысты шығыстарға;
      нормативтiк-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етуге және бланк өнімдерін сатуға байланысты шығыстарға; <*>
      үй-жайлар мен басқа да объектiлерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзуге байланысты шығыстарға; <*>
      кәсiптiк-гигиеналық даярлықты жүргiзуге, оның iшiнде тартылатын сарапшылардың, оқытушылардың еңбегiне ақы төлеуге байланысты шығыстарға;
      санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердi материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдiруге. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.15. N 1055 қаулысымен .

3. Есепке алу мен есеп беру тәртiбi

      6. Pecпубликалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер көрсететiн ақылы қызметтердiң бағаларын - заңнамада белгiленген тәртiппен азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы Қазақстан Pecпубликасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы, жергiлікті бюджеттен қаржыландырылатын ақылы қызметтердің бағаларын жергiлiктi атқарушы органдар бекiтедi. <*>
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.10.15. N 1055 қаулысымен.
      7. Мемлекеттiк мекемелер тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан алатын қаражат мемлекеттiк мекеменiң "Ақылы қызмет көрсетулерден түскен қаражат" ағымдағы шотына есептеледi, әрi қатаң мақсатты арнаулы сала бойынша жұмсалады және оларды бөлушiлер мемлекеттiк мекемелердiң басшылары болып табылады.
     8. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты есепке алу мен есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
     9. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатудан түскен қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiппен шығыстардың сметасы жасалады және бекiтiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады