Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 2 маусым N 830

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы" 1999 жылғы 24 сәуірдегі  N 463 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі 463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2000 жылғы 21 ақпандағы  N 268 қаулыларын іске асыру мақсатында, сондай-ақ, бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын уақытылы және сапалы әзірлеу, жүргізу және материалдарын өңдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Санақтың ұйымдық-методологиялық ережелерінің, оның материалдарын өңдеу құралдары мен бағдарламалық-технологиялық процесінің сапасын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 2000 жылғы қыркүйек-қазанда Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданында байқау Санағын жүргізсін. Оның қорытындыларын өңдеу мен талдауды 2001 жылдың 1 сәуіріне дейін аяқтасын, негізгі Санақтың бағдарламасы мен құралдарына түзетулер енгізсін.

      2. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері мынадай шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін:
      ауылдық жерлерде - 2005 жылғы 1 шілдеге дейін елді-мекендердің, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, шаруа (фермер) қожалықтарының, ұжымдық бағбандық кооперативтер мен бау-бақшалардың, жері, малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін нақтыласын;
      қалалық елді-мекендерде - 2005 жылғы 1 шілдеге дейін мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінен және жұмыссыздардан іріктеліп алынған тіркеушілер үй шаруашылықтарының, ұжымдық бағбандық кооперативтер мен жері, малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін жасауды қамтамасыз етсін;
      бұл іс-шараларды өткізу кезеңінде мемлекеттік статистика органдарын аудандар мен қалалардың әкімдері бекіткен кестелер бойынша үй-жайларымен, жабдықталған байланыс құралдарымен, жиһазбен және қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
      Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен келісілген кезеңге санақ қызметкерлері үшін қалалық және қала маңындағы бағыттарда, таксиден өзге, жолаушылар көліктерінің барлық түрлерінде жол жүру билеттерін беру туралы мәселені шешсін;
      байқауды және негізгі Санақты өткізу үшін санақшы кадрларды мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің ішінен, сондай-ақ жұмыссыздардың ішінен іріктеуді және толықтыруды жүзеге асырсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N  1464 , 2001.12.20. N  1666 , 2005.05.10. N  440 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік статистика органдарына, барлық деңгейдегі әкімдерге санақ кадрларын жұмыссыздардың ішінен іріктеуге және жинақтауға жәрдем көрсетсін.

      4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі 2005 жылғы 1 шілдеге дейін қалалық және ауылдық жерлердегі жерді пайдаланушыларды орналастыру сызбасын нақтыласын және мемлекеттік статистика органдарына беретін болсын. Байқау Санағының аудан бойынша ұқсас материалдарын 2000 жылдың 1 тамызына әзірлесін.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N  1464 , 2005.05.10. N  440 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
      Санаққа байланысты жүктер мен теңдеме жүкті уақытылы қабылдауды және жеткізуді;
      Санақ жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерлерге жол жүру билеттерінің бірінші кезекте сатылуын;
      мемлекеттік статистика органдарын "Санақ" паролі бойынша қалааралық телефон байланысымен қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2004 жылғы 1 маусымға дейін жеміс-жидектердің, жүзімдік көшеттердің түрлері мен сорттарын және ауыл шаруашылығы техникаларын айқындау үшін анықтамалардың электрондық нұсқасын әзірлесін. <*>
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.12.20. N  1666 , 2003.06.27.  N 623   қаулыларымен.

      7. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен бірлесіп, бастапқы ақпараттың құпиялылығына айрықша назар аудара отырып, Санақтың мақсаттары мен міндеттерін бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияласын.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.05.10. N  440 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі 2006 жылғы қазаннан бастап, әкімшілік аудандар тұрғысында Санақ қорытындыларының өңделуін және жариялануын қамтамасыз етсін.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N  1464 , 2001.12.20. N  1666 қаулыларымен.

      9. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне Санаққа байланысты республикалық бюджетте тиісті жылдың шығыстарына көзделетін еңбекке ақы төлеу қоры мен қаржы шегінде жылдар бойынша зерделенген Бірыңғай тарифтік кесте бойынша ақы төлеу арқылы 2005-2008 жылдар кезеңіне уақытша қызметкерлерді жұмысқа тартуға рұқсат берілсін.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.09.27. N  1464 , 2001.12.20. N  1666 , 2005.05.10. N  440 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      10. Қазақстан Республикасында бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына байланысты іс-шараларды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің тиісті жылға ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге арналған шығыстары құрамында көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылсын.

      11. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

      12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

О подготовке, проведении и обработке материалов первой национальной сельскохозяйственной переписи в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2000 года N 830

      В целях реализации постановлений Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 1999 года N 463 "О проведении первой национальной сельскохозяйственной переписи в Республике Казахстан" и от 21 февраля 2000 года N 268 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 1999 года N 463", а также для своевременной и качественной подготовки, проведения и обработки материалов первой национальной сельскохозяйственной переписи Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. В целях апробирования организационно-методологических положений Переписи, инструментария и программно-технологического процесса обработки ее материалов Агентству Республики Казахстан по статистике в сентябре-октябре 2000 года провести пробную Перепись в районе имени Турара Рыскулова Жамбылской области. До 1 апреля 2001 года завершить обработку и анализ ее итогов, внести коррективы в программу и инструментарий основной Переписи.
      2. Акимам областей и городов Астаны и Алматы обеспечить выполнение следующих мероприятий:
      в сельской местности - до 1 июля 2005 года уточнить списки населенных пунктов, сельскохозяйственных предприятий, крестьянских (фермерских) хозяйств, коллективных садоводческих кооперативов и огородов, прочих подсобных хозяйств, имеющих землю, скот и птицу;
      в городских населенных пунктах - до 1 июля 2005 года обеспечить составление списков домашних хозяйств, коллективных садоводческих кооперативов и прочих подсобных хозяйств, имеющих землю, скот и птицу, регистраторами, подобранными из числа работников государственных организаций и безработных;
      обеспечить органы государственной статистики на период проведения этого мероприятия помещениями, оборудованными средствами связи, мебелью и средствами передвижения по графикам, утвержденным акимами районов и городов;
      решить вопрос о выдаче проездных билетов для переписного персонала на всех видах пассажирского транспорта городского и пригородного маршрутов, кроме такси, на период, согласованный с Агентством Республики Казахстан по статистике;
      для проведения пробной и основной Переписи осуществлять подбор и комплектование переписных кадров из числа работников государственных организаций, а также из числа безработных.
      Сноска. В пункт 2 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 27 сентября 2000 г. N 1464 ; от 20 декабря 2001 г. N 1666 ; от 10 мая 2005 г. N 440 .
      3. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан оказывать содействие органам государственной статистики, акимам всех уровней в подборе и комплектовании переписных кадров из числа безработных.
      4. Агентству Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами до 1 июля 2005 года уточнить и передать органам государственной статистики схемы размещения землепользователей в городской и сельской местности. Аналогичные материалы по району пробной Переписи подготовить к 1 августа 2000 года. <*>
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 27 сентября 2000 г. N 1464 ; от 10 мая 2005 г. N 440 .
      5. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить:
      своевременный прием и доставку грузов и багажа, связанных с Переписью;
      первоочередную продажу проездных билетов работникам, осуществляющим работу по Переписи;
      междугородней телефонной связью органы государственной статистики по паролю "Перепись".
      6. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан до 1 июня 2004 года подготовить электронную версию справочников для определения видов и сортов плодово-ягодных, виноградных насаждений и сельскохозяйственной техники.
      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 20 декабря 2001 г. N 1666 ; постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 июня 2003 года N 623 .
      7. Агентству Республики Казахстан по статистике совместно с Министерством культуры, информации и спорта Республики Казахстан широко освещать в средствах массовой информации цели и задачи Переписи, обращая особое внимание на конфиденциальность первичной информации. <*>
      Сноска. В пункт 7 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 10 мая 2005 г. N 440 .
      8. Агентству Республики Казахстан по статистике обеспечить обработку и публикацию итогов Переписи в разрезе административных районов, начиная с октября 2006 года.
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлениями Правительства РК от 27 сентября 2000 г. N 1464 ; от 20 декабря 2001 г. N 1666 ; от 10 мая 2005 г. N 440 .
      9. Разрешить Агентству Республики Казахстан по статистике на период 2005-2008 годы привлекать временных работников дифференцированно по годам с оплатой по Единой тарифной сетке в пределах фонда оплаты труда и ассигнований, предусматриваемых в республиканском бюджете соответствующего года на расходы, связанные с Переписью.
      Сноска. В пункт 9 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 27 сентября 2000 г. N 1464 ; от 20 декабря 2001 г. N 1666 ; от 10 мая 2005 г. N 440 .
      10. Финансирование мероприятий, связанных с первой национальной сельскохозяйственной переписью в Республике Казахстан осуществлять за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете в составе расходов Агентства Республики Казахстан по статистике на проведение сельскохозяйственной переписи на соответствующий год.
      11. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по статистике.
      12. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
   Республики Казахстан