Байланыс формасы

"Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жекелеген мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1039

      "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына берілсін.

      2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленсін.

      3. Қосымшаға сәйкес Кәсіпорынның еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруына рұқсат етілсін.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Мыналардың күшін жойылды деп танылсын: 
      1) "Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 наурыздағы N 278  қаулысы 9-тармағының 2) тармақшасы;
      2) "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592  қаулысы 1-тармағының 3) тармақшасы; 
      3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 наурыздағы N 345 қаулысы1-тармағының 2) тармақшасы.

      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
 

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің   
2000 жылғы 10 шілдедегі       
N 1039 қаулысына          
қосымша           

"Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" республикалық мемлекеттік кәсіпорны еншілес кәсіпорындарының тізбесі

      1. "Қолдау" еншілес кәсіпорны                  Алматы қаласы
      2. "Военвтормет" еншілес кәсіпорны             Алматы қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады