Байланыс формасы

"Тағам институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 шілде N 1043.

      "Республикалық меншiктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Тағам институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен жарғылық капиталындағы мемлекеттiң жүз пайыздық акциялар пакетiмен "Қазақстан Республикасының тағам институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Тағам институты" ЖАҚ) қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) "Тағам институты" ЖАҚ қызметiнiң мәнi:

      салауатты өмiр салты мен дұрыс тамақтанудың медициналық-биологиялық және әлеуметтiк проблемалары бойынша iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзу;

      тамақтану дәрежесiн бағалау және халықтың әр жастағы жыныстық, әлеуметтiк және кәсiптiк топтарына арналған негізгі тағамдық өнiмдер мен олардың құрамдас бөлiктерiндегi физиологиялық қажеттiлiктердiң нормаларын әзiрлеу;

      тағамдардың арнайы емдiк-профилактикалық өнiмдерi мен балалар тағамдары өнiмдерiн, асқа салынатын биологиялық белсендi қосындыларды әзiрлеу деп көздей отырып, оның жарғысын бекiтсiн;

      2) "Тағам институты" ЖАҚ-ын мемлекеттiк тiркеуден кейiн, белгiленген тәртiппен, шығарылған жарғылық капиталдың жалпы көлемiнің 25 пайызы мөлшерiнен кем емес сомаға акциялардың қосымша эмиссияларын шығару жолымен, оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-техникалық саладағы ұйымдарды акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыру ережелерiмен сәйкес келтiрсiн;

      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген шаралар орындалғаннан кейiн, мемлекеттiк акциялар пакетiн 50 пайыз мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын;

      4) "Тағам институты" ЖАҚ акцияларының мемлекеттiк пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне берсiн;

      5) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

      3) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшадағы:

      "Алматы қ." бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-6-жолмен

      толықтырылсын:

      "123-6. Тағам институты" ЖАҚ".
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 2004.10.28. N 1111 қаулыларымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады