Астана қаласындағы опера және балет театры туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 шілдедегі N 1048 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 43 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.02.2014 № 43 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры туралы" 2000 жылғы 5 шiлдедегi N 416 U000416_ Жарлығын iске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кәсiпорындарды, ұйымдарды, мекемелердi, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 P960281_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Ақ орда" опера және балет театры" қазыналық мемлекеттiк кәсiпорны "Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театры" қазыналық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Театр) деп қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Астана қаласының әкiмiмен бiрлесiп екi апталық мерзiмде Театрды материалдық-техникалық, қаржылық қамтамасыз ету және оның қызметкерлерiне басымдықпен тұрғын үй беру жөнiндегi ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады