Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1125

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 62
               қаулысымен. P020062_
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң автомобиль жолдары бойынша мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының салмақтары мен көлемдерi туралы келiсімнің депозитариін Қазақстан Республикасы қол қойған кезде жасаған Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарының рұқсат етілген параметрлерiне қатысты ескертпелердiң алынып тасталатындығы туралы хабардар етсiн, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы 2000 жылдың 1 тамызынан бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2000 жылғы 25 шілдедегi N 1125 қаулысына қосымша

                                      Қазақстан Республикасы Министрлер

Кабинетінiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557 қаулысына 2-қосымша


     Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған 
көлiк құралдарының рұқсат етiлген параметрлерi
     1. Көлiк құралдарының ең үлкен көлемдерi:
---------------------------------------------------------------------------
    Көлемдердің атауы                     !  Көлемнің ең үлкен мөлшері, м
---------------------------------------------------------------------------
Ұзындығы:                                      
жүк автомобилінің                              12,00
автобустың                                     12,00
тіркеменің                                     12,00
қосарланған автобустың                         18,00    
қосарланған көлік құралының                    20,00  
автопоездың                                    20,00
---------------------------------------------------------------------------
Ені:    
барлық көлік құралдарының                       2,55 
изотермиялық қораптардың                        2,60
---------------------------------------------------------------------------
Биіктігі                                        4,00
---------------------------------------------------------------------------
 
     Жүк көлік құралы көлемінің соңғы нүктесінен тысқары 2 метр аспауы 
керек.
     2. Көлік құралдарының ең үлкен салмағы, т           40,0
     3. Көлік құралдарының ең үлкен біліктік салмағы:
---------------------------------------------------------------------------
     Біліктердің тұрпаты                                 ! Біліктік     
                                                         ! салмақтың ең
                                                         ! үлкен қосындысы,
                                                         ! т
---------------------------------------------------------------------------
Біліктердің арасындағы қашықтық 2,5 м және одан артық          10,0
болған кездегі жалғыз білік                                 
Біліктердің арасындағы қашықтық 1,3 м бастап 1,8 м дейін       16,0
болған кездегі қосарланған біліктер
Біліктердің арасындағы қашықтық 1,3 м бастап 1,8 м дейін       22,5
болған кездегі үшеуі қосылған біліктер                     
---------------------------------------------------------------------------
     
     Бiлiктердің арасындағы қашықтық 1,3 метрден бастап 1,8 метрге дейін 
болған кезде, бiлiктердiң саны 3-тен астам тiркемелер мен жартылай 
тiркемелердiң сабақтас бiлiктерiнің бiлiктiк салмағы 7,5 тоннадан аспауы 
тиiс.
     Салмақтық жүктемелер көктемгi кезеңде, жол төсемiнің алып жүру 
қабілетi төмен учаскелерінде уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша 
азайтылуы мүмкiн.
    


     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады