Жекелеген ұйымдарға қатысты мемлекеттiк меншiктiң түрiн өзгерту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1128

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегi комитетiнiң коммуналдық меншiкке берiлетiн ұйымдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп облыстардың әкiмдерiмен келiсiм бойынша, заңнамада белгiленген тәртiппен, осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген ұйымдарды қабылдау-тапсыру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Облыстардың әкiмдерi, заңнамада белгiленген тәртiппен, коммуналдық меншiкке берiлген ұйымдардың қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                        2000 жылғы 26 шiлдедегi
                                           N 1128 қаулысымен
                                              бекiтiлген

     Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны
        қорғау министрлiгi Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң
      коммуналдық меншiкке берiлетiн республикалық объектiлерiнiң
                                тiзбесi

                              Алматы облысы

     1. "Алматысушар" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     2. "Ұйғыр су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны
     3. Панфилов су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     4. Ақсу су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     5. Балқаш су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     6. Iле су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     7. "Жамбыл су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттiк мекемесi
     8. Көксу ауданының су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     9. "Талғар аудандық су шаруашылығы жүйелерi" басқармасы мемлекеттiк кәсiпорны
     10. Алакөл су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     11. "Сарқант су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны
     12. Алматы суғару жүйелерiнің өндiрiстiк-шаруашылық есептегi учаскесi
     13. "Сорбұлақ насос станцияларын пайдалану жөнiндегi басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)
     14. "Су шаруашылығы жүйелерiн басқару жөнiндегi Ақши кәсiпорны және "Ақбұлақ" Бозой су құбыры" мемлекеттiк кәсiпорны
     15. "Қаратал су шаруашылығы жүйелерi басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны

                           Қарағанды облысы

     16. Киев су құбырлары басқармасы
     17. Қарқаралы су шаруашылығы жүйелерi басқармасы

                       Оңтүстiк Қазақстан облысы

     18. Төлеби су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     19. Сайрам аудандық су жүйелерi басқармасы
     20. Түлкiбас су шаруашылығы жүйелерi басқармасы
     21. Бәйбдiбек (Алғабас) аудандық су шаруашылығы жүйелері басқармасы
     22. Отырар (Шәуілдiр) су шаруашылығы жүйелерi басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады