Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 4 тамыздағы N 1188 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      "Республикалық телекоммуникациялық трафиктiң биллингi орталығы (ТТБ - Орталық)" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1787 P991787_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тізбесiнде "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 58-жолмен толықтырылсын:
      "58 "Республикалық телекоммуникациялық
      трафиктiң биллингi орталығы (ТТБ - Орталық)"
      республикалық мемлекеттік кәсiпорны
      (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)                Астана қаласы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады