"Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 тамыздағы N 1326 қаулысы

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.
      2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) 2000 жылғы қазанға дейін Академияға оның ғимараты жанындағы қажетті жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Академияға Алматы қаласында бір әкімшілік ғимарат бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының, Алматы облысының әкімдері 2001 жылғы наурызға дейін Академияны әскери оқу техникасын орналастыруға арналған аумақпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.
      4. Астана қаласы әкімінің Академияның Астана қаласындағы филиалының материалдық-техникалық базасын дамытуға, соның ішінде:
      Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы үшін тұрғын үй салуға ипотекалық несие беру бағдарламасы бойынша 40 пәтер бөлінуін және жеке тұрғын үйлер салуға жер учаскелерінің бөлінуін көздейтін көмек көрсету туралы ұсынысы қабыл алынсын.
      5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2000 жылғы 31 тамыздағы
N 1326 қаулысымен   
бекітілген      

"Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ерекше мәртебесі туралы ереже

      Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады