Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 22 қыркүйек N 1440. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832


     "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  

Z990357_

  Заңына 
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің және 
Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының несие беру ережесі 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                                                Қазақстан Республикасы
                                                     Yкiметiнің
                                              2000 жылғы 22 қыркүйектегі
                                                  N 1440 қаулысымен
                                                      бекітілген
        Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және Қазақстан Республикасы
             жергiлiктi атқарушы органдарының несие беру ережесi


      Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Z990357_ Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Z952444_ заң күшi бар Жарлығына, "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңына сәйкес әзiрлендi

және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергілiктi атқарушы органдардың 
тиiсiнше республикалық бюджеттің және жергiлiктi бюджеттердiң (бұдан әрi - 
тиiстi бюджеттердiң) ақшасы есебiнен бюджеттік несиелер берудiң тәртібi 
мен шарттарын анықтайды.
                      1. Жалпы ережелер
     
     1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
     несие берушi - Қазақстан Республикасының Yкiметі немесе жергiлiктi 
атқарушы органдар;
     бюджеттік несие - несие берушiлер тиiсті бюджеттерден мерзiмдi, ақылы 
және қайтарымды шартпен беретін ақша;
     заемшы - банк-заемшы немесе түпкi заемшы;


      банк-заемшы - екiнші деңгейдегі банк немесе түпкi заемшыларды одан әрi несиелендіру үшiн тиiстi бюджеттерден бюджеттік несиелер алатын банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар;
      түпкi заемшы - заңды немесе жеке тұлға, банк-заемшы арқылы бюджеттік несие алушы;
      бюджеттік несие бойынша берешек - белгiлi бiр күнге бюджеттік несиенi өтеу және оған қызмет көрсету кестесiне сәйкес заемшы төлемеген төлемдердiң сомасы.
      2. Бюджеттік несиелендiру Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергілiктi атқарушы органдардың тиiстi жылға қабылдаған тиiсiнше республикалық және жергілiктi бюджеттердi атқаруының құрамдас бөлiгі болып табылады және банк-заемшыларға бюджеттік несиелердi түпкi заемшыларға кейiннен бере отырып оларды беру жолымен жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген заңнамалық кесiмдерiмен немесе шешiмдерiмен негізгі қызметі экономиканың секторларына қаржылық қолдау көрсету болып табылатын өзге де ұйымдардың банк-заемшылары ретiнде қатысуы анықталуы мүмкiн.
      Бюджеттік несиелер беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес несие шарттарымен ресiмделеді.
      Осы бюджеттердiң қарыз алуы болып табылатын республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттердi бюджеттiк несиелендiрудiң тәртібi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 8 маусымдағы N 874 P000874_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының үкiметтік қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуын жүзеге асыру ережесiне сәйкес анықталады.
      3. Республикалық бюджеттің ақшасы есебiнен бюджеттік несиелер беру туралы несиелiк шарттар (келiсiмдер) жасасуды Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі жүзеге асырады.
      3-1. Жергілікті бюджеттердің ақшасы есебінен бюджеттік несиелер беру туралы несиелік шарттар (келісімдер) жасасуды жергілікті атқарушы органның атынан әкім немесе оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.04.09.
               N 478 қаулысымен. P010478_
      4. Бюджеттік несиелендiрудiң мiндеттi шарты несие берушiнiң мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету, несие тәуекелiнiң туындауын ең аз мөлшерге келтіру болып табылады.
      Республикалық және жергiлікті бюджеттiк бағдарламаларды (бұдан әрi - тиiсті бюджеттік бағдарламаларды) iске асыру кезiнде берiлген бюджеттiк несиелердiң тиiмдiлiгіне және оларды қайтарудың уақытылығына қол жеткiзу мақсатында несие берушi нақтылы бюджеттiк бағдарламалардың сипатына қарай банк-заемшыларға қойылатын талаптар бойынша мәселелердi шешумен қатар:
      банк-заемшыларға түпкi заемшыларды бюджеттiк несиелендiру нәтижесiнде туындайтын жедел шығыстарының орнын толтыру;
      түпкi заемшыларды бюджеттік несиелендiру кезiнде банк-заемшылардың тиiстi кiрiстердi алу мүмкiндiгiнiң мәселелерiн шешудi қарастырады.

                   2. Бюджеттік несиелендірудiң бағыттары

      5. Бюджеттік несие нысаналы болып табылады және:
      тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген;
      тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiкті бюджеттер туралы

мәслихаттардың шешiмдерiмен бекiтiлген тиiсті бағдарламаларда көзделген 
бағыттар бойынша және сомалар шегінде берiледi.
     6. Республикалық және жергiлiкті бюджеттерде көзделген бюджеттiк 
несиелендiрудiң негізгі бағыттары:
     республикалық және аймақтық инвестициялық бағдарламаларды iске асыру;
     экономика салаларын мемлекеттiк қаржылық қолдау;
     шағын кәсiпкерлiктi аймақтық қолдау бағдарламаларын орындау болып 
табылады.
     Тиiсті бюджеттiк бағдарламалардың бағдарламаларымен бюджеттік 
несиелендiрудiң өзге де бағыттары көзделуi мүмкiн.
          3. Бюджеттік несиелердiң түрлерi мен нысандары
     
     7. Бюджеттік несиелендiру процесiнде:
     несие берушілер мен банк-заемшылар;
     банк-заемшылар мен түпкi заемшылар арасында несиелiк шарттар жасалады.
     8. Беру нысаны бойынша бюджеттiк несиелер мыналарға бөлiнедi:


      1) бюджеттiк несиенiң бүкiл сомасын заемшының шотына бiр жолғы аудару не оның төлем құжаттарын бiр жолғы төлеу жолымен берiлетiн мерзiмдi несиелер;
      2) несиелiк желiлер - бюджеттік несие сомасын аудару кестесiне сәйкес

заемшының шотына кезең-кезеңмен аудару не оның төлем құжаттарын 
кезең-кезеңмен төлеу жолымен берiлетін несиелер.
     Бюджеттік несиелендiру кезiнде несие берушi мен банк-заемшы Қазақстан 
Республикасы Yкiметінiң заңнамалық кесiмдерiне және шешiмдерiне сәйкес 
несиелер берудiң басқа да нысандарын пайдалануы мүмкiн.
     9. Беру мерзiмiне қарай бюджеттік несиелер мыналарға бөлiнеді:
     1) қысқа мерзімдi - 1 жылға дейiнгi мерзiмдегi несиелер;
     2) орташа мерзiмдi - 1 жылдан артық, бiрақ 3 жылдан аспайтын 
мерзiмдегі несиелер;
     3) ұзақ мерзiмдi несие - 3 жылдан артық мерзiмдегі несиелер.
     Жекелеген жағдайларда орташа және ұзақ мерзiмдi несиелендiру кезiнде 
борыштың негiзгi сомасын өтеу және сыйақы төлеу бойынша жеңiлдiк кезеңi 
берiлуi мүмкiн.
     10. Бюджеттiк несиелер ұлттық валютада берiледі. Бюджеттік несиенiң 
мөлшерi абсолюттік шамада, сол сияқты, шетел валютасындағы белгiлi бiр 
сомаға баламалы сомада көрсетiлуi мүмкiн.
     11. Бюджеттік несиелер сыйақының құбылмалы (өзгермелi), сол сияқты 
және тiркелген ставкасымен берiлуi мүмкiн.
     12. Бюджеттік несиелендірудің негізгі шарттары:
     несиелерді бюджеттік бағдарламаларда көзделген мақсаттарға бағыттау;
     заемшылардың бюджеттік несиелендіру кезінде қойған талаптарды сақтауы;
     бюджеттік несиелендіру үшін белгіленген несиелер беру нысандарын 
пайдалану;
     несиелердің қайтарылуын қамтамасыз ету болып табылады.
<*>

     Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. 
              N 478 қаулысымен. 

P010478_

 


      12-1. Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен берілетін несие валютасын, сомасын, несиелер беру және қайтару мерзімдерін, олардың сыйақы ставкаларын қоса алғанда, бюджеттік несиені алудың, пайдаланудың, өтеудің және оған қызмет көрсетудің сандық мәндері мен сипаттамалары сияқты несие шарттары (бұдан әрі - несие шарттары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен анықталады.
      Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен берілетін несие шарттары облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің шешімдерімен анықталады. <*>
      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.04.09.
               N 478 қаулысымен. P010478_

                        4. Банк-заемшыларға бюджеттік
                     несиелер берудiң тәртiбi мен шарттары

      13. Бағдарламалардың әкiмшілерi тиiсті бюджеттердi қабылдағаннан кейiн екi айдан аспайтын мерзiмде:
      банк-заемшыларға қойылатын талаптар анықталады.
      Банк-заемшыларға қойылатын негiзгi талаптарға:
      бұрын республикалық және/немесе жергілiкті бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған несиелер бойынша берешектiң болмауы;
      конкурсты өткiзу күнiнiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң пруденциалық нормативтерiнiң сақталуы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерi лимиттерiнің сақталуы;
      бюджеттік несиелердi уақытылы қайтару жөнiнде тиiсті қамтамасыз етудiң болуы;
      қажет болған кезде филиалдық желiлердiң және/немесе корреспонденттік желiлердiң болуы;
      қажет болған кезде ақпарат берудiң халықаралық электрондық жүйелерiнiң (SРRINТ, SWIҒТ, REUTER) болуы жатады.
      Ескерту. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 478
               қаулысымен. P010478_
      14. Бағдарламалардың әкiмшiлерi екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - банк-қатысушылар) арасында нақты бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде несиелер алуға арналған конкурс өткiзу үшiн қойылатын талаптарды қоса бере отырып, олар бойынша сұрау салуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жiбередi.
      15. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бес күн мерзiмде сұрау салуларға сәйкес конкурсқа қатысу үшiн белгiленген талаптарға сай банк-қатысушылардың тізбесiн дайындайды және бағдарламалардың әкiмшілерiне жiбередi.
      16. Бағдарламалардың әкiмшiлерi тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң оң қорытындысы бар банк-қатысушылар арасында өтiнiмдердi берудiң мерзiмiн көрсете отырып, нақты бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде олардың несиелер алуы үшiн конкурс жариялайды.
      17. Банк-қатысушылар бағдарламалардың әкiмшілерi анықталған конкурс өткiзу мерзiмдерiнде олардың конкурс шарттарына сәйкестігін растайтын және бюджеттік несиелердi алу және оларды нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде түпкi заемшылардың несиелендiруiн жүзеге асыру шарттары бойынша ұсыныстардан тұратын құжаттардың қосымшасын қоса бере отырып, конкурсқа қатысуға өтiнiм бередi.
      18. Құжаттарды қарау және банк-заемшыларды iрiктеу үшiн бағдарламалардың әкiмшiлерi банк-қатысушылардың конкурсқа қатысуға жiберiлгендерiнiң iшiнен конкурстық комиссиялар құрайды.
      Конкурстық комиссия бюджеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиесiлi несиелендiру және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында банк-қатысушылардың өтінiмдерiн қарауды жүргізедi және оларды iрiктеудi:
      бюджеттiк несиелендiруге байланысты шығыстардың ең төменгi деңгейiн;
      қамтамасыз ету сапасын (көлемi, нысаны, өтiмдiлiгi);
      банктердiң несие портфелiнiң өтiмдiлiгi деңгейiн;
      банктердiң меншiктi капиталының көлемiн;
      несиелендiру саласындағы банктердiң жұмыс тәжiрибесiн ескере отырып жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 478
               қаулысымен. P010478_
      19. Конкурстың нәтижелерi бойынша бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiкті атқарушы органның тиiстi шешiмдерiнiң жобаларын белгiленген тәртiппен енгiзедi. Несие берушiлер банк-заемшылар, нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыруда олардың қатысу шарттары мен деңгейi анықталатын соңғы шешімдер қабылдайды.
      20. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiкті атқарушы органның қабылданған оң шешімдерiнiң негiзiнде несие берушi банк-заемшылармен бiрлесiп, қажет болған кезде бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қатысуымен несие шарттары мен оларға байланысты құжаттар (кепiл туралы шарт, кепiлдiк, төлемдердiң кестелерi мен басқалар) жасауды жүргізедi.
      Несие берушi терiс шешім қабылдаған жағдайда бағдарламалардың әкімшілерi конкурсты қайта өткiзудi ұйымдастырады.
      21. Жасалған несиелiк шарттар жасалған күннен бастап үш күн мерзiмде:
      республикалық бюджеттiң ақшасы есебiнен бюджеттік несиелер бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң;
      жергiлiкті бюджеттердiң ақшасы есебiнен бюджеттiк несиелер бойынша жергiлiкті атқарушы органдардың тiркеуiне жатады.
      22. Несиелiк шарттарды тiркегеннен кейiн банк-заемшылардың қаражатын алуға арналған өтiнiмдердің негізiнде несие берушi несие қаражатын тиiстi бюджеттердi атқару тәртiбiмен тиiсті бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік шотынан банк-заемшылардың шотына есепке алуды жүргiзедi.
      23. Несиелік шартта міндетті тәртіппен осы қаулының 12-тармағында көрсетілген бюджеттік несиелендіру шарттары және несие шарттары, сондай-ақ тараптардың құқықтары мен міндеттері, шарттың ережелерін орындамаған кездегі санкциялар, дауларды шешудің тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі көзделеді. <*>
      Бюджеттiк несиелендiру кезiнде туындайтын талаптардың барлық даулары мен алауыздықтары жасалған несие шарттарының ережелерiмен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
      Ескерту. 23-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.09. N 478
               қаулысымен. P010478_

                   5. Банк-заемшылардың түпкi заемшыларға
                      бюджеттiк несие беру тәртiбi мен шарттары

      24. Банк-заемшылардың түпкi заемшыларға несие берушiнiң несие ресурстарынан бюджеттiк несие беруi қолданылып жүрген заңнамаға, несие берушiмен жасалған несие шарттарына және банк-заемшылардың iшкi несие саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
      25. Банк-заемшылар: түпкi заемшылардың төлем қабiлеттігiне және бюджеттiк несиенi өтемеу тәуекелiнiң дәрежесiне талдау, экономикалық орындылығына, жобаның техника-экономикалық және қаржылық көрсеткiштерiне талдау, несиенi өтеу көздерiнiң болуына және оны қамтамасыз етуге тексеру жүргізу жолымен түпкi заемшылардың несие ұсыныстарына сараптама жүргізедi.
      26. Несие ұсыныстарын сараптау нәтижелерiнiң негiзiнде банк-заемшылар

бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша түпкi заемшыларды 
несиелендiру туралы шешiм қабылдайды, олармен несиелiк шарттар мен 
бюджеттік несиелерге байланысты басқа да құжаттар жасасады.
     27. Несие шарттарын және оларға байланысты құжаттарды жасасқаннан 
кейiн банк-заемшылар түпкi заемшылардың атына несие шарттарына сәйкес 
бюджеттiк несиелер сомасы есепке алынатын қарыз шоттарын ашады. 
Көрсетiлген шоттан түпкi заемшының есеп шотына ақша аудару не оның төлем 
құжаттарын төлеу жолымен несие беру жүргізiледi.
                     6. Бюджеттiк несиенi өтеудiң және
                        оған қызмет көрсетудің тәртiбi
     
     28. Негізгi борышты өтеудi және есептелген сыйақыны төлеудi заемшы 
жасалған несие шартына сәйкес жүзеге асырады.
     Бұл ретте төлемдердiң мынадай кезектiлiгi белгiленедi:
     1) есептелген айыптар мен өсiмақылар;
     2) есептелген сыйақы;
     3) негізгi борышты өтеу.
     29. Несие шарттарында тараптардың қалауы бойынша мерзiмiнен бұрын 
өтеу құқығы көзделуi мүмкiн.


      Несие берушi несиелiк шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға және банк-заемшы несиелiк шарттың ережелерiн бұзған жағдайда есептелген сыйақымен және айыппұлдармен бiрге несиенiң iс жүзiндегі ұсынылған сомасын қайтаруға құқылы.
      30. Несие шартын бұзбаған жағдайда несие берушi бюджеттік несиенi мақсатсыз пайдалану фактілерi анықталған кезде несиелiк шартта айтылған мөлшерде айыппұл сала отырып, заңсыз пайдаланылған несие сомасын заемшыдан өндiрiп алуға құқылы.
      31. Заемшы негiзгі борышты өтемеген және/немесе бюджеттiк несие бойынша сыйақыны несие шартында белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда, пайда болған берешекке айыппұл пайыздары есептелiнедi.
      32. Заемшыда бюджеттік несие бойынша берешек пайда болған және оны несие шартының ережелерiнде анықталған мерзiмнiң ішінде өтемеген кезде тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынатын несиелер бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі мен жергiлiктi атқарушы орган не банк-заемшы (түпкi заемшымен бiрге болған жағдайда) берешектiң қайтарылуын қамтамасыз ететiн тиiсiнше мынадай шараларды:
      1) гарантқа (кепiлгерге) заңнамада белгiленген тәртiппен заемшының берешегін өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi олардың атқаруы туралы құжаттарды жiберудi;
      2) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес кепiл туралы шарттың негiзiнде заемшы кепiлге салған мүлiктi сатуды;
      3) заемшының талаптарын заемшы несие берушiнiң не банк-заемшының пайдасына жол берген басқа тұлғаға ақы төлеу үшiн ұсынуды;
      4) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Z970067_ Заңына сәйкес заемшыны сотпен банкрот деп жариялағанға дейiн де сот тәртібiмен өндiрiп алуды жүзеге асыруды қолданады.
      33. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен берiлген несие банк-заемшы тиiстi бюджеттерге негiзгi борыштың сомасын қайтарған және айыппұлдарды қоса алғанда, осы несиеге байланысты сыйақыны және барлық iлеспе төлемдердi толық көлемде төлеген кезде өтелген болып саналады.

                7. Бюджеттік несиелердiң есебi және оны бақылау

      34. Банк-заемшыларға тиiстi бюджеттердің ақшасы есебiнен берiлген барлық несиелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген тәртіппен мiндеттi тiркеуге жатады.
      35. Берiлген бюджеттiк несиелерге несие берушiнiң мониторингi банк-заемшылар үнемi ұсынатын есептілiктің негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жүзеге асырылады.
      36. Жергiлiктi бюджеттерден берiлген барлық бюджеттiк несиелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі анықтаған нысандар бойынша және мерзiмдерде жергілікті атқарушы органдардың жасалған несие шарттары туралы бюджеттiк несиелердi iс жүзiнде беру, оларға қызмет көрсету және өтеу туралы үнемi есептiлiгiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталықтандырылған есепке алуына жатады.
      37. Бюджеттiк несиелердiң игерiлуiне, мақсатты пайдаланылуына,

уақытылы және толық өтелуiне бақылауды:
     тиiсті бюджеттерден берiлген барлық несиелер бойынша - Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлiгi;
     жергiлiкті бюджеттерден берiлген несиелер бойынша жергіліктi атқарушы 
орган;
     түпкі заемшымен болатын жағдайда барлық бюджеттік несиелер бойынша - 
банк-заемшылар жүзеге асырады.
     38. Бюджеттік несиелерді пайдаланудың тиімділігін бағалауды 
республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге 
асырады.
     39. Несие беруші бақылау мақсатында республикалық және жергілікті 
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен және банк-заемшылардан бюджеттік 
несиелерге байланысты қажетті ақпаратты талап етуге құқылы.
  
      Мамандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.Н.   
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады