"Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 3 қазан N 1494

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері бойынша кейбір заң

актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                  Жоба


           Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне білім беру

          мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

                        Қазақстан Республикасының Заңы


     1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлсiн:


 
       1. "Қазақ ССР-iнде ауылды, селоны және аграрлық-өнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1991 жылғы 13 ақпандағы Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғары Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 327-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 927-құжат):
      1) тақырыбы мен мәтiнiнде:
      "Қазақ ССР-iнде", "Қазақ ССР-i", "Қазақ ССР", "Қазақ ССР-iне" деген сөздер "Қазақстан Республикасында", "Қазақстан Республикасы", "Қазақстан Республикасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) VIII "Денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және мәдениет" бөлiмiнде
      тақырыптағы "халыққа" деген сөз алып тасталсын;
      42-бапта:
      тақырыбындағы және 1-тармағындағы "мектеп жасына дейiнгі балалар мекемелерi", "мектепке жасына дейiнгi балалар мекемелерiнiң" деген сөздер "мектепке дейiнгi ұйымдар", "мектепке дейiнгi ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармағы алып тасталсын;
      3) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен үшiн кадрларды кәсiптiк жағынан даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады";
      4) 48-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "48-бап. Кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беру саласында село халқын мемлекеттiк қолдау.
      Село жастары арасынан келген азаматтарға, селоның әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау кезiнде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.
      2. "Қазақ ССР-iнде мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат):
      1) мәтiндегі "Министрлер кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 20-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "мемлекеттiк емес мекемелерде және" деген сөздер алып тасталсын;
      екiншi бөлiгіндегi "орта, арнаулы орта және жоғары" деген сөздер "және кәсiптiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдарда оқитын мылқаулар мен зағиптардың мемлекеттiк стипендияларының мөлшерi бiрдей белгiленген стипендиялар мөлшерiнен 75 процент жоғары болып белгiленедi. Орта және кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқитын өзге мүгедектердi стипендиямен қамтамасыз ету жөнiндегi жеңiлдiктердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi";
      3) 21-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "балалар" деген сөз алып тасталсын;
      бiрiншi және екiншi бөлiктерiндегi "мекемелерiнде", "мекемелерде", "мекемелер" деген сөздер "ұйымдарында", "ұйымдарда", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Мүгедектерге жалпы орта және кәсiптiк бiлiм беру
      Мүгедектерге жалпы орта және кәсiптiк бiлiм беру орта немесе арнаулы үлгiдегi мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында ал қажет болған жағдайда - үйде жүзеге асырылады.
      Стационарлық емдеу-алдын алу, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емделу курсынан өтiп жатқан мүгедек балалар үшiн жалпы бiлiм беру бағдарламасы көлемiнде оқу сабақтары ұйымдастырылады. Оқу сабақтарын ұйымдастыру тәртiбiн бiлiм беру және денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы органдар белгiлейдi.
      Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек-балалар үшiн арнаулы бiлiм беру ұйымдарында, оңалту орталықтарында, мүгедектерге арналған үйлер мен орталықтарда арнаулы сыныптар құрылады.
      Бюджеттен қаржыландырылатын тегiн мемлекеттiк бiлiм, бiлiм гранттары мен кредиттерiн алу үшiн конкурс өткiзiлген кезде көрсеткiштерi бiрдей болған жағдайда бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссияларының қорытындысы бойынша орта кәсiптiк және жоғарғы кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында оқуы өзiне зиянсыз болатын бала жасынан мүгедектер артықшылық құқыққа ие болады";
      5) 23-бапта:
      бiрiншi бөлiгiндегi "мекемелер" деген сөз "ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгіндегi:
      "мекемелерi" деген сөз "ұйымдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "ата-аналарға" деген сөздерден кейiн "бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 24-бапта:
      бiрiншi бөлiгіндегi "халыққа" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бес (алты) жасар мүгедек балаларды мектепке барар алдында даярлау мiндетті болып табылады және үйде, мектепке дейiнгі ұйымда немесе мектепте жалпы бiлiм беру бағдарламасы көлемiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында ол тегiн жүзеге асырылады";
      7) 25-баптың тақырыбында және мәтiнiнде "мекемелерде", "мекемелер" деген сөздер "ұйымдарда", "ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) 26-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "мекемелерде" деген сөз "ұйымдарда" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "27-бап. Мүгедектердiң бiлiм алу, кәсiптiк даярлықтан өтуi және бiлiктiлiгiн арттыру нысандары
      Мүгедектердiң бiлiм алуы, кәсiптiк даярлықтан өтуi және бiлiктiлiгiн арттыруы Қазақстан Республикасының бiлiм туралы Заңдарында белгiленген тәртiппен және нысанда жүзеге асырылады".
      3. 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Z939000_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 22, 135-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат):
      1) 8-1-баптың бiрiншi бөлiгiндегi:
      "барлық үлгiдегi" деген сөздер алып тасталып, "кәсiптiк-техникалық училищелерде және арнаулы орта оқу орындарында" деген сөздер "кәсiптiк бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 9-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "министрлiктер мен ведомстволардың оқу ұйымдарында және Республиканың мемлекеттiк бiлiм беру жүйесiндегi оқу орындарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бiлiм беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 15-бапта:
      3-тармақта:
      а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) бiлiм беру iсiн жүргiзу құқығына лицензиясы бар жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптік бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген шақырылушыларға, оларды бiтiргенге дейiн";
      б) тармақшасының бiрiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң" деген сөздер "бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) ауылдық жерлерде орналасқан жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, кәсiптiк бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының орта кәсіптiк немесе жоғары кәсіптік педагогтік бiлiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстеп жүрген мұғалiмдерiн (оқытушыларын), барлық жұмыс iстеген кезiне";
      4) 26-баптың с) және ж) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "е) бiлiм беру ұйымдарының педагогтер құрамы-оқу жылы кезеңiнде;
      ж) меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқудың күндiзгi нысанында оқытатын барлық бiлiм беру ұйымдарында оқитындар";
      4. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Z934100_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттары; 1997 ж., N 12, 181-құжат; 1998 ж., N 22, 308-құжат; 1999 ж., N 8, 233-құжат; N 21, 762-құжат; N 23, 920-құжат):
      46-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацындағы "мекемелерiнiң" деген сөз "ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Z952200_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 3-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат, N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 жылғы 13 шілдесiнде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2000 жылдың 5 шiлдедегі Z000079_ Заңы):
      10-баптың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) заңды тұлғалардың жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм, орта кәсiптiк, жоғарғы кәсiптiк оқу орнынан кейiнгі кәсiптiк бiлiм беру, соның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм беру қызметi, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметі;".
      6. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Z952235_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат, N 23, 928-құжат, N 24, 1067-құжат, 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар, 2000 жылғы 8 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Z000065_ 2000 жылдың 8 шiлдесiндегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 57-бапта:
      1-тармағында:
      15) тармақшасында "арнаулы орта және жоғарғы" деген сөздер "орта кәсiптiк және жоғарғы кәсiптiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20) тармақшасында "мектеп жасына дейiнгi балалар, орта, арнаулы орта және жоғарғы бiлiм беру" деген сөздер "мектепке дейiнгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк және жоғарғы кәсiптiк бiлiм беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 123-баптың 3-тармағының 10) тармақшасында "мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптiк, жоғарғы кәсiптiк бiлiм" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 134-баптың 1-тармағының 7) тармақшасында "мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм" деген сөздер "мектепке дейiнгi тәрбиелеу және оқыту, жалпы бастауыш, жалпы негiзгi, жалпы орта, кәсiптiк бастауыш, орта кәсiптік және жоғарғы кәсiптiк бiлiм" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Z980258_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 14, 200-құжат; N 22, 308-құжат; N 24, 443-құжат):
      4-баптың 5) тармақшасының он екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алматы қаласының аумағындағы жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта және кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдар қызметiне;".
      8. "Бiлiм туралы" 1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Z990389_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 13, 429-құжат; N 23, 927-құжат):
      1) Заң мәтiнiнде 23-баптың 3 тармағын, 46-баптың 3-тармағын қоспағанда, "орталық атқарушы органдармен", "орталық атқарушы органдар", "орталық атқарушы органдардың" деген сөздер, "орталық атқарушы органмен", "орталық атқарушы орган", "орталық атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "20-1) қабылдау квотасы-орта кәсiптiк және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына ауыл жастары арасынан келген азаматтарды және басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын ұлты қазақ адамдарды қабылдау үшiн бөлiнетiн бiлiм гранттары мен кредиттерiнiң шектi саны";
      32) тармақшадағы "резидентура" деген сөз "клиникалық ординатура" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 9-баптың 6-тармағының үшiншi бөлiгі алып тасталсын;
      4) 10-бап алып тасталсын;
      5) 12-бапта:
      1-тармағында:
      "білім беру ұйымдарының (бұдан әрi - лицензиат) бiлiм беру қызметi" деген сөздер "заңды тұлғалардың (бұдан әрi - лицензиат) бiлiм беру қызметi, оның iшiнде мамандықтар бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      1) және 2) тармақшалардағы "бiлiм беру ұйымдарына" деген сөздер "заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын және 2) тармақшадағы "бередi" деген сөздер алып тасталсын;
      1) тармақшасында "кәсiптiк бастауыш бiлiм беретiн" деген сөздерден кейiн үтiр қойылып, "осы, тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) жалпы орта бiлiм беретiн: халықаралық, шетелдiк, мемлекеттiк емес, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттiк - Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органдары бередi.";
      6) 13-баптың 3-тармағы:
      мынадай мазмұндағы төртiнші, бесiншi, алтыншы бөлiктермен толықтырылсын:
      "Жалпы бiлiм беретiн пәндерден ағымдағы жылғы Республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңiмпаздары болып табылатын (I, II, III дәрежелi дипломдармен марапатталған) жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң бiтiрушiлерi, сондай-ақ Республикалық және халықаралық орындаушылар конкурстарының соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары (I, ІІ, ІІІ дәрежелi дипломдармен марапатталған) өзi жеңiмпазы болған олимпиада немесе конкурс пәнi таңдаған мамандығына сәйкес келген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын алу құқығына ие болады және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмай қабылданады.
      Ауыл жастары арасынан келген азаматтар үшiн, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсетiн кезінде, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.
      Басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын ұлты қазақ азаматтар үшiн кәсiптiк орта және кәсiптiк жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсетiн кезде, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi";
      7) 16-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбiн бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi";
      8) 25-бапта:
      4-тармақтың екiншi бөлiгi "ұйымдары" деген сөзден кейiн "қаржыландырылуы жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың үшiншi бөлiгi алып тасталсын;
      9) 26-баптың 2-тармағындағы "резидентурасында" деген сөздер "клиникалық ординатурасында" деген сөздермен, қазақша мәтiнде "iзденушiлiкке" деген сөз "iзденiскерлiкке" деген сөзбен ауыстырылсын;
      10) 29-баптың 3) тармақшасындағы "сондай-ақ жергілiктi бюджеттен қаржыландырылатын колледждерде кәсiптiк орта бiлiмi бар" деген сөздер алып тасталсын;
      10)-1 Қазақша мәтiнге ғана қатысты.
      36-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Бiлiм беру ұйымдарында негiзгi жұмысынан қол үзбей (сырттай, кешкi және дистанциялық оқу нысандары бойынша) оқитын азаматтарға, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында көзделген реттердi қоспағанда, жұмыс берушiлер ақы төленетiн және ақы төленбейтiн қосымша демалыстар, жалақысын сақтап және сақтамай жұмыстан бос күндер беруi де мүмкін."
      11) 42-баптың 1-тармағындағы "еңбек шартымен не еңбек

 

келiсiм-шартымен", "еңбек шартының не еңбек келiсiм шартының" сөздерi

"жеке еңбек шартымен", "жеке еңбек шартының" сөздерiмен ауыстырылсын;

     12) 46-баптың 7-тармағындағы "бiлiм алу және педагогтiк қызметпен

айналысу құқығын пайдалана алады" сөздерi "бiлiм алу және педагогтік

қызметпен айналысу құқығын пайдаланады" сөздерiмен ауыстырылсын;

     13) 47-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

     2-бап. Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады