Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестiк сертификатын беру ережесiн бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 қазан N 1561

      "Мемлекеттiк құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестiк сертификатын беру ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi қорғау үшiн техникалық құралдарды пайдаланатын мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдар бұдан әрi ақпаратты қорғаудың тек қана сертификатталған техникалық құралдарын сатып алатын болсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                  Үкіметінің 2000 жылғы 19 қазандағы
                                     N 1561 қаулысымен бекітілген

       Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың
        техникалық құралдарына сәйкестік сертификатын беру
                             Ережесі

      1. Осы Ереже "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді қорғаудың техникалық құралдарына (бұдан әрі - құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары) сәйкестік сертификатын беру тәртібін белгілейді.
      2. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестік сертификатын беру тәртібі жұмыстарды жүргізудің мынадай реттілігін көздейді:
      1) өтінім иесінің сертификаттау жөніндегі органға өтінім беруі;
      2) ұсынылған өнім үлгілерін іріктеуді жүргізу және оларды сертификаттау жөніндегі органға немесе сынау зертханасына (орталыққа) тапсыру;
      3) ұсынылған өнімнің үлгілеріне сертификаттық сынаулар мен сертификаттаудың іске асырылатын сызбасында көзделген басқа да жұмыстарды жүргізу; алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
      4) сертификат беру және оны мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімінде тіркеу не өтінім иесіне сәйкестік сертификатын беруден бас тарту туралы дәлелді шешім жіберу.
      3. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттау өтінім берушінің сертификаттау жөніндегі органға жіберген өтінімінің негізінде жүргізіледі, оған сертификаттауды жүргізу сызбасы, талаптарына құпия ақпаратты қорғаудың сертификатталатын техникалық құралдары сәйкес келуге тиісті ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік және әдістемелік құжаттар қоса берілуі мүмкін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулысымен.
      4. Сертификаттау жөніндегі орган сертификаттық сынақтарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен сынау зертханасын (орталықты) белгілейді.
      5. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының үлгілерін іріктеуді сертификаттау жөніндегі орган, не оның тапсырмасы бойынша тіркелген сынау зертханасы (орталық) жүргізеді.
      6. Іріктелетін үлгілер саны, оларды іріктеу әдістемесі, сондай-ақ оларды сақтау жағдайлары ұсынылған өнімнің сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттарда жазылған талаптарға сәйкес болуға тиіс.
      7. Үлгілерді іріктеу актімен ресімделеді. Іріктеу актісіне үлгілерді іріктеуді жүзеге асыратын адамдар және өтінім иесінің өкілдері қол қояды.
      8. Өтінім иесі үлгілерді іріктеген қызметкердің (комиссия мүшелерінің) қатысуымен оралған және пломбаланған (егер ол қажет және мүмкін болса) іріктелген үлгілерді іріктеу актісімен және олардың техникалық құжаттамасының есепке алынған даналарымен бірге сынау зертханасына (орталығына) ұсынады.
      9. Сынау зертханасы (орталық) сертификаттау жөніндегi органмен келісілген мерзімде құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының үлгілерін сынауды жүргізеді.
      10. Сынаулар нәтижелері туралы сынау зертханасы сертификаттау жөніндегі органға хабарлайды.
      11. Сынаулар нәтижелерi оң болған кезде сертификаттау жөнiндегі орган белгіленген нысан бойынша сертификатты ресiмдейдi.
      12. Сынаулар нәтижелерi терiс болған кезде сертификаттау жөнiндегi орган сертификатты беруден бас тарту туралы дәлелдi шешiмді және сынаулар хаттамаларын өтінім иесiне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне жiбереді.
      Бұл ретте құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының үлгiлерi өтiнiм иесiне қайтарылады.
      13. Сертификаттың және оның қосымшасының көшiрмелерi сертификаттау жөнiндегi орган басшысының, не оның орынбасарының қолымен не бұйрықпен тағайындалған жауапты адамның қолымен және сертификаттау жөнiндегi органның мөрiмен куәландырылады.
      14. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарына сертификат беру кезiнде дайындаушы кәсiпорынға құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын сүйемелдеу үшiн сертификат көшiрмесiн ресiмдеу құқығы берілуi мүмкiн. Мұндай жағдайда көшiрмелер дайындаушы ұйым басшысының не оның орынбасарының, не бұйрықпен тағайындалған жауапты адамның қолымен және ұйым мөрімен куәландырылады.
      15. Сертификаттың қолданылу мерзімін сертификаттаудың іске асырылған сызбасын, сондай-ақ құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының, оны жасаудың ерекшеліктерін, құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының нормативтік құжаттарының қолданылу мерзімін, үш жылдан аспауға тиіс өндірісі сертификатталған мерзімді ескере отырып, сертификаттау жөніндегі орган белгілейді.
      16. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының жарамдылық мерзімінің шегінде сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін сертификатты берген орган ұзартуы мүмкін. Бұл ретте сертификаттың жалпы қолданылу мерзімі сертификатты берген күннен бастап үш жылдан аспауға тиіс.
      17. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының конструкциясына (құрамына) немесе оны жасау технологиясына сертификаттау кезінде куәландырылатын көрсеткіштерге әсер етуі мүмкін өзгерістер енгізілген кезде, бұрын берілген сәйкестік сертификаты құпия ақпаратты қорғаудың жаңартылған техникалық құралдарына қолданылмайды. Мұндай техникалық құралдарға сертификат алу осы ережеде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бұл ретте сертификаттау жөніндегі орган жаңартылған үлгілерге толық немесе ішінара сынаулар жүргізудің қажеттігі туралы шешім қабылдайды.
      18. Құпия ақпаратты қорғаудың сертификатталған шетелдік техникалық құралдарының импорты кезінде шетелдік сертификатты тану үшін өтінім иесі көшірмесі мен сертификатты тануға өтінім берушіге сертификатты тану немесе көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей сертификаттау сынауларын жүргізу қажеттігі туралы хабарлайды. Шетелдік сертификатты таныған жағдайда сертификаттау жөніндегі орган өтінім иесіне белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификатын ресімдейді және береді. Құпия ақпаратты қорғаудың импортталған құралдарын сертификаттау отандықтарды сертификаттау ережесі бойынша жүргізіледі.
      19. Сертификат күшiн жою немесе тоқтата тұру, құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарына сәйкестiк сертификатын берумен байланысты даулы мәселелер бойынша рұқсат Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес шешiледi.
      20. Сертификаттау жөнiндегi орган Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiленген тәртiппен сәйкестiк сертификаттарының тiзiлiмiн жүргiзедi. Сәйкестiк сертификатты мемлекеттiк сертификаттау жүйесiнiң тiзiлiмінде тiркеуге жатады.
      21. Құпия ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарының сертификатталуын растайтын құжаттар мен материалдар сертификатты берген сертификаттау жөніндегi органда сақталады.
      22. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда сертификатты берудiң өзгеше тәртiбi белгiленетiн болса, онда халықаралық шарттардың нормалары қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады