"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 417 Жарлығын іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 23 қазан N 1579

      "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 6 шілдедегі N 417 U000417_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Батыс әскери округі қолбасшысының басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
      2. Мекеме штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері штат санының лимиті шегінде 120 бірлік болып бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) бір апталық мерзімде Мекемені ұстауға және жарақтандыруға шығыстар сметасын дайындасын және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекемені қаржыландыруды республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүргізсін;
      2) Ақтөбе облысының әкімімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Ақтөбе облысының әкімі әкімшілік ғимаратының бір бөлігін материалдық-техникалық базасымен және Ақтөбе қаласындағы онымен шектес аумағымен бірге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беруді жүзеге асырсын;
      3) Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының

 

әкімдерімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс әскери

округінің бөлімдері мен құрамаларын орналастыру мақсатымен олар берген

өтінімдер бойынша үйлерді, ғимараттарды, объектілер мен жерлерді Қазақстан

Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағына беруді жүзеге асырсын.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Оқығандар:

     Багарова Ж.А.

     Балабекова Г.Г.






О дополнительных мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6 июля 2000 года N 417 "О структуре Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 2000 года N 1579

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 6 июля 2000 года N 417 U000417_ "О структуре Вооруженных Сил Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать государственное учреждение Министерства обороны Республики Казахстан "Управление командующего Западным военным округом" (далее - Учреждение).
      2. Утвердить лимит штатной численности Учреждения в пределах лимита штатной численности Вооруженных Сил Республики Казахстан в количестве 120 единиц.
      3. Министерству обороны Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) утвердить положение об Учреждении и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      2) в недельный срок подготовить и представить в Министерство финансов Республики Казахстан смету расходов на содержание и оснащение Учреждения;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) финансирование Учреждения производить за счет и в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на содержание Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      2) совместно с акимом Актюбинской области осуществить передачу в ведение Министерства обороны Республики Казахстан части здания администрации акима Актюбинской области с материально-технической базой и прилегающей территорией в городе Актобе;
      3) совместно с акимами Актюбинской, Атырауской, Западно-Казахстанской

 

и Мангистауской областей осуществить передачу в ведение Министерства

обороны Республики Казахстан зданий, сооружений, объектов и земель по

представленным им заявкам в целях размещения частей и соединений Западного

военного округа.

     5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.


     Премьер-Министр

   Республики Казахстан



     (Специалисты: Мартина Н.А.,

                   Умбетова А.М.)