Байланыс формасы

Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қазандағы N 1587 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы" 2000 жылғы 28 шiлдедегі N 422  Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мынадай мемлекеттік меншiк объектiлерi жекешелендiруге және оның алдын ала сатыларына жатпайды деп белгiленсiн: 
      1) жер (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негiздер, шарттар және шектер бойынша жеке меншiкте болатындарынан басқа), оның қойнауы, су, өсiмдiк және хайуанаттар дүниесi;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; 
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз ету үшiн қажет штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер;
      4) олардағы инженерлiк құрылыстарды қоса алғанда, мемлекеттiк халықаралық бағыттар желiсiне қосылған, сондай-ақ қорғаныстық маңызы бар, магистральды темiр жолдар, ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме жүзуiнiң қауiпсiздiгін реттейтiн және кепiлдендiретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер;
      5) магистральдi мұнай және газ құбырлары, кернеуi 220, 500 және 1150 кВ аймақаралық деңгейдегi электр желiлерi;
      6) су техникасы құрылыстары бар су қоймалары, су тораптары, су көздерiндегi суды көтеретін бөгеттер;
      7) ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен бала денсаулығын қорғау жөнiндегi, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және СПИД-пен ауыратын ауруларды, жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөнiндегi объектiлер), сондай-ақ қызмет көрсетiлетiн облыстың, қаланың, ауданның аумағындағы жалғыз мемлекеттiк медицина ұйымдары болып табылатын медициналық ұйымдар;<*>
      8) халықты әлеуметтік қорғау объектілері, балалар үйлері, сәбилер үйлері, қарттар үйлері. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға, балалар мен қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар мен санаторийлер;
      9) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру мемлекеттік ұйымдары;
      10) мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектілерi.
      1-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" және "Жезқазғансирекмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорындары жекешелендіруге және оның алдын ала кезеңдеріне жатпайды деп белгіленсін. <*>
       Ескерту. 1-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.03.29. N 402  қаулысымен ,   1-1 тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.21. N 1233   қаулысымен ,   өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.03.21. N 286  қаулысымен .

      2. Мыналар:
      1) 1-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң тiзбесi;
      2) 2-қосымшаға сәйкес 2006 жылға дейiн акцияларының мемлекеттiк пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.10.10. N 1107  қаулысымен .

      3. "1999-2000 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк меншiк объектілерiнiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 тамыздағы N 1198  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 368-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің          
2000 жылғы 24 қазандағы     
N 1587 қаулысына       
1-қосымша            

 2006 жылға дейiн жекешелендiруге, оның iшiнде
жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын
мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң
тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң бағдарламалары бойынша және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң iргелi бағдарламалары бойынша жұмыс iстейтiн ғылыми-техникалық саланың мемлекеттiк ұйымдары. <*>
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467   қаулысымен .

      2. Мемлекеттiк және жұмылдыру резервiнiң жылжымайтын мүлкi мен екiұдай мақсаттағы өнiм шығару жөнiндегi жұмылдыру қуаттары.

      3. Әскери комиссариаттардың немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiмен азаматтық қорғаныс бойынша жұмылдыру тапсырмалары бар әскери бөлiмдер мен ұйымдарға тiркелiп берiлген мүлiк.

      4. Әскери-техникалық мақсатты қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде көрсетiлген салада, сондай-ақ әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық өшiру салаларында ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыруды және алып жүрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк ұйымдар мен объектiлер.

      5. Әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын қамтамасыз етуге байланысты әуе қозғалысын, телекоммуникация желілерiн, инженерлiк желiлердi басқару жүйесiнiң аэронавигациялық қондырғылары.

      6. Бақылау, қадағалау және өзге де мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк ұйымдар.

      7. Картографиялық-геодезиялық, гидрометеорологиялық мемлекеттiк ұйымдар, обсерваториялар, метеостанциялар және сейсмостанциялар.

      8. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң аграрлық бейiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-эксперименталды мемлекеттiк ұйымдары, астық және тұқымдық сараптау фитосанитарлық мониторингтiң мемлекеттiк ұйымдары, сорттық сынау станциялары мен учаскелерi, карантиндiк питомниктер, карантиндi-интродуктивтi зертхана.

      9. Мемлекетаралық, облысаралық маңызы бар магистральдi каналдар.

      10. Жануарлар ауруларының диагностикасы бойынша референттiк функцияларды, жабайы фаунаның эпизоотикалық мониторингiн, тiркеу сынақтары мен малдәрiгерлiк препараттар серияларын бақылауды, малдәрiгерлiк препараттардың республикалық резервiн сақтауды жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiткен тiзбе бойынша жануарлардың айрықша қауiптi жұқпалы ауруларының диагностикасын және олардың таралу ошақтарын жоюды жүргiзетiн мемлекеттiк малдәрiгерлiк ұйымдар.

     11. Мемлекеттiк патент жүргiзу ұйымдары.

     12. Қатты және сұйық радиоактивтi қалдықтарды ұқсататын, жоятын және көметiн мемлекеттiк ұйымдар, объектiлер мен жабдықтар, мал қорымдары.

     13. Молалар мен крематорийлер.

     14. Фельдъегерлiк байланыс мүлкi.

     15. Жануарлар әлемiн және балық қорын (бейiмдейтiн станциялар, балық питомниктерi, уылдырық өсiру шаруашылықтары) қалпына келтiруге маңызы бар мемлекеттiк ұйымдары.

     16. Жер қойнауы, жер асты сулары және қауiптi геологиялық процесстер мониторингi, мемлекеттiк торабының мүлкi мен қадағалау пункттерi.

     17. Жануарлар әлемiн сақтау, орманды қорғау және оларды қалпына келтiру жөнiндегi мемлекеттiк ұйымдар.

     18. Мектепке дейiнгi және орта кәсiптiк бiлiм беру мемлекеттiк ұйымдары.

     19. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Мәдениет комитетiнiң қарамағындағы республикалық маңызы бар мәдениет объектiлерi, сондай-ақ, коммуналдық меншiктегi театрлар, мұражайлар, кiтапханалар және концерттiк ұйымдар.

     20. Аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсіптік микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлері. 
      Ескерту. 20 жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.30. N 850   қаулысымен .
      21. Биологиялық белсенді қосылыстардың республикалық банкі;<*>
      22. Дәрілік заттар мен бөгде қоспалар стандартты үлгілерінің республикалық банкі. <*>
       Ескерту. 21,22-жолдармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 846   қаулысымен .

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің                
2000 жылғы 24 қазандағы        
N 1587 қаулысына           
2-қосымша                

2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттiк пакеттерi
жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала
сатыларына жатпайтын акционерлiк қоғамдардың
тiзбесi

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02 N 591, 2001.05.25 N 716, 2001.10.05 N 1284, 2001.10.23 N  1356, 2001.11.16 N 1457, 2001.12.13 N 1633, 2001.12.15 N 1643, 2001.12.20 N 1667, 2002.01.15 N 51, 2002.02.25 N 248, 2002.04.27 N  479, 2002.05.28 N 577, 2002.07.30 N 852, 2002.12.10 N 1294, 2002.12.20 N 1335, 2003.02.18 N 169, 2003.03.13 N 244, 2003.03.20 N   277, 2003.05.12 N 442, 2003.07.15 N 695, 2003.09.16 N 940, 2003.09.23 N 965, 2003.12.18 N 1267, 2004.08.18 N 865, 2004.08.27 N 903, 2004.12.31 N 1466, 2005.02.22 N 161, 2005.03.04 N 207, 2005.03.17 N 242, 2005.05.19 N 475; 11.04.2013 N 339 қаулыларымен.

       1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%<*>
      2. "Мұнай және газ көлігі" ұлттық компаниясы" ЖАҚ
(Астана қаласы) 100%
      3. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ (Алматы
қаласы) 100% <*>
      4. "КЕGОС" ААҚ - (Kazakstani Electricity Grid Operating Company - Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстан ұлттық компаниясы) (Алматы қаласы) 100%
      5. "Қазтеңiзкөлiкфлот" ұлттық кеме жүзу теңiз компаниясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
      6. <*>
      7. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
      8. Алып тасталды - 2003.12.18. N 1267  қаулысымен .
      9-18. Алып тасталды - 2003.03.13. N 244  қаулысымен .
      19.   Алып тасталды - 2005.02.22. N 161  қаулысымен .
      20. "Бұқтарма СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
      21. "Шульба СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
      22. "Өскемен СЭС" ААҚ (Өскемен қаласы) 90%
      23. "Республикалық инновация қоры" ЖАҚ (Алматы қаласы) 100%
      24.  Алып тасталды - 2003.03.20. N 277 қаулысымен.
      25. "ҚазжолҒЗИ" ААҚ (Алматы қаласы) 90%
      26. "Қазқараметавтоматика" ААҚ (Қарағанды қаласы) 90% 
      26. "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%
      27. "Индустриалдық парк" ААҚ (Астана қаласы) 100% 
      27. "Қазпочта" ААҚ (Алматы қаласы) 100% 
      28. Алып тасталды - 2002.12.23. N 1346  қаулысымен .
      29.   Алып тасталды - 2004.12.31. N 1466  қаулысымен .
      31. "Тың машина сынау станциясы" ААҚ (Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Никольское ауылы) 100% 
      32. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ <*>
      32.   Алып тасталды - 2003.03.13. N 244  қаулысымен .
      33-34.   Алып тасталды - 2003.03.13. N 244 қаулысымен.
      35. "Астана-құс" асыл тұқымды шаруашылығы ААҚ (Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Александровка ауылы) 70%
      36. "Асыл түлік" ААҚ (Астана қаласы, Макинск тұйық көшесі, 8) 
76,88%"
      37. "Ф.М. Мұхаметғалиев атындағы эксперименттік биология институты" ЖАҚ <*> 
      40. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%
      41. "Казахстанская правда" республикалық газеті" ААҚ (Астана қаласы) 100%
      42. "Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы" ЖАҚ (Астана қаласы) 100%. <*>
      43. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.04.2013 N 339 қаулысымен.
      44. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering) ұлттық компаниясы" ААҚ" (Астана қаласы) 100 % <*>
      45. "Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру
жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 % <*>
      46. "Қазақ газеттері" ЖАҚ (Астана қаласы) 100% <*>
      47. "Жас өркен" ААҚ (Астана қаласы) 100% <*>
      48. "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" ЖАҚ (Астана қаласы) 100% <*>
      49. "Қазақжарылысөнеркәсiбi" ААҚ (Алматы қаласы) 100 % <*>
      50. "Ұлттық тiркеу орталығы" ААҚ (Астана қаласы) 100 % <*>
      51. "Қазагрэкс" ААҚ (Астана қаласы) 100 % <*>
      52. "Көлік медициналық қызметі" ААҚ (Алматы қаласы) 34% <*>
      53. "Азаматтық авиация академиясы" АҚ (Алматы қаласы) 80 %
      54. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" АҚ (Астана қаласы) 50%
      55 "ҚазҚуат" АҚ" (Алматы қаласы) 100 %
      56 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ (Алматы қаласы) 100 %
      57. Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (Астана қаласы) 100%

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады