Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 24 қазан N 1591. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген қаулыға 5-қосымшадағы:

"Дәрі-дәрмектер, медициналық  2936-2939, 2941, 3001-  Денсаулық 
техника (республика ізгілік   3004, 3006, 9013,       агенттігі"
көмек желісі бойынша импорт-  9018-9022
талатын медициналық техниканы
қоспағанда)
деген жол мынадай редакцияда
жазылсын:

"Дәрі-дәрмектер, медицинаға   2936-2939, 2941, 3001-  Қазақстан
арналған бұйымдар, медицина-  3004, 3006, 9013,       Республика.
лық техника (республикаға     9018-9022, (902111000,  сының
ізгілік көмек желісі бойынша  902119100, 902130900    Денсаулық
импортталатын медициналық     басқасы)                сақтау ісі
техниканы қоспағанда)                                 жөніндегі
                                                      агенттігі"

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулының қабылданғаны туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің Интеграциялық комитетін хабардар етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады