Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң жекелеген мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 27 қазан N 1620.

      Астана қаласының мәдени және рухани келбетiн көркейту, қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи игiлiгiмен және әлемдiк әдебиет пен өнердiң жетiстiктерімен таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұражайы" және "Сәкен Сейфуллин атындағы республикалық көпшiлiк кiтапханасы" республикалық мемлекеттiк мекемелерiн қосу жолымен "Қазақстан Республикасының Президенттiк мәдениет орталығы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

      1) Мекеменiң жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Мекеменi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне республикалық бюджетте 41 "Тарихи-мәдени құндылықтарды республикалық деңгейде сақтау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604 қаулысымен .
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172; 2004.06.01. N 604 қаулыларымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады