Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына N 996 МГ сериясындағы лицензияның (мұнай) қолданылуын тоқтата тұру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 15 қараша N 1721. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.04.20. N 530 қаулысымен. ~P010530

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" заң күші бар Жарлығының U962828_ 38-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамына Ақтөбе облысының Темір ауданының аумағында ХХІІ-22-А (ішінара), В (ішінара), Е (ішінара), блоктарының шегінде орналасқан Кеңқияқ кен орнында (тұз астындағы) көмірсутекті шикізатты өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына 1997 жылғы 25 маусымда берген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына N 996 МГ сериясындағы лицензияның (мұнай) қолданылуы осы кен орны бойынша 1999 жылғы инвестициялық міндеттемелердің орындалмауына байланысты тоқтатыла тұрсын.
      ЕСКЕРТУ. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі ұзартылсын -
               ҚР Үкіметінің 2000.12.13. N 1828a қаулысымен. P001828a а
      2. 1997 жылғы 25 маусымдағы N 996 МГ сериясындағы лицензияның (мұнай)

 

8.6-тармағында белгіленген тәртіппен лицензияның қолданылуын тоқтата

тұруды туындатқан себептерді жою үшін бір айлық мерзім белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігі

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" ашық үлгідегі акционерлік қоғамын N 996 МГ

сериясындағы лицензияның (мұнай) қолданылуын тоқтата тұру туралы хабардар

етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


Оқығандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады