Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Акцизделетін өнімдер өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2000 жылғы 28 қараша N 1773 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.01.22. N 72 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған:
     1) <*>
     2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
     Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.06. N 981 қаулысымен.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің         
2000 жылғы 28 қарашадағы   
N 1773 қаулысымен       
бекітілген          

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
                       енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 25 ақпандағы N 173 қаулысына :
      1-тармақтың 7) және 8) тармақшаларының күшi жойылды деп танылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 34-жолдың 2-бағанындағы "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Акцизделетiн өнiмдер өндiрiсi мен айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмдер (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 263-құжат):
      3-тармақтың екiншi абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында этил спиртi мен алкогольдi өнiмнiң (сырадан басқа) импортын лицензиялаудың тәртiбiнде:
      3-тармақтың екінші абзацында "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларда 20-тармақта "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат):
      4-тармақта "министрлiгiнiң" деген сөзден кейiнгi "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетін" деген сөзбен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулының 5-қосымшасында:    
"Сусындарды өндiру       2106 90 200    Мемкiрiсминiнiң
кезiнде пайдаланылатын                  Алкогольдi өнiмдердiң
хош иiстi заттардың                     өндiрiсi мен айналымын
негiзiндегi өнiмдерден                  мемлекеттiк бақылау
басқа, құрамдас                         жөнiндегi комитетi"
спирттiк жартылай                       деген жолда:
фабрикаттар

     3-бағанда "Алкогольдi" деген сөз "Акцизделетiн" деген сөзбен ауыстырылсын.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады