Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң "Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 14 желтоқсан N 1845

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2000-2001 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395  Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Орталық) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi орталықты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.

      3. Орталық қызметiнiң негiзгi нысанасы есiрткiлердi терiс пайдаланудың алдын алуды, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу мен оңалтуды, ғылыми мониторингтi, есiрткiнi терiс пайдалану туралы деректердi жинау мен талдауды жүзеге асыру болып белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
      1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Павлодар облысының әкiмi Қазақстан Республикасының  заңнамасында белгіленген тәртiппен Орталықты орналастыру үшiн үй-жай бөлу туралы мәселенi қарасын.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Павлодар облысының әкiмiмен бiрлесiп Орталықты орналастыруға арналған үй-жайды Павлодар облысының коммуналдық меншiгiнен республикалық меншiкке қабылдау-беру жөнiнде қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат): 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
      "2. Мемлекеттiк кәсiпорындар бөлiмi" мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 66-жолмен толықтырылсын:
      "66. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтiк проблемаларының  республикалық ғылыми-практикалық орталығы".
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады