Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 желтоқсан N 1916.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 шілдедегі N 2335 заң күші бар Жарлығынасәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін геоақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің міндеттерін жүзеге асырушы орган болып белгіленсін.

      3. Кәсіпорынның негізгі мәнісі:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін сандық картография негізінде геоақпараттық қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери және қаржы-шаруашылық қызметін компьютерлендіру бағдарламасын жасап, іске асыру болып белгіленсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамадабелгіленген тәртіппен:

      1) Кәсіпорын жарғысын әзірлеп, бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады