Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 16 қаңтар N 51

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мына шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) <*>
      2) <*>
      Ескерту. 1,2-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.06. N 1173 қаулысымен.
      3) "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінен:
     "Қазгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы РГАО" мемлекеттік мекемесі;
     Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Мамандандырылған гравиметрикалық кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген жолдар алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады