Байланыс формасы

"Геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 55 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны бөлу жолымен:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң Алматы қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
      2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Көкшетау қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi теңгерiм бөлiнiсiн бекiту кезiнде Алматы қаласында орналасқан Геологиялық мұражайдың және Бизнес-клубтың мүлiктерiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң "Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына берудi көздесiн.

      3. Мыналар:
      осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның минералдық-шикiзат кешенi саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы;
      осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы қызметiнiң негiзгi мәнi болып айқындалсын.

      4. Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi белгiленсiн.

      5. Осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi белгiленсiн.

      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) құрылатын кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
      2) олардың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады