"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарының зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 5 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетені 2001 ж., N 6).

      Соттардың "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Z923600_ 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының бірыңғай және дұрыс қолдануын қамтамасыз ету мақсатында және заңнамадағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етеді:


      1. Соттарға "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабында көзделген, Заңның 5 және 6-баптарында көрсетілген аумақтарда тұратын және 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін зейнет демалысына шыққан азаматтардың зейнетақыларына қосылатын үстемелердің, сондай-ақ жұмыс істейтін және Заңның 5, 6, 7, 8 және 9-баптарында көрсетілген аумақтарда тұратын азаматтардың еңбегіне төленетін қосымша ақының әлеуметтік төлемдерге жататыны түсіндірілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" U952700_ 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығымен зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салықтық және басқа да төлемдер үшін "айлық есептік көрсеткіш" ұғымы енгізілген және қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін мемлекеттік органдарға осы Жарлықпен белгіленген "айлық есептік көрсеткіш" ұғымын қолдану міндеттелген.

      "1997, 1998, 1999 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Z960059_ Z970201_ Z980318_ Қазақстан Республикасының Заңдарымен зейнетақылар, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдер осылай айлық есептік көрсеткіш негізге алына отырып көзделді.

      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Z990480_ 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен аталған Заңның 12-бабына және 13-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасына өзгерістер енгізіліп, "ең төменгі еңбекақы" сөздері "айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылды.

      1996 жылдан бастап "ең төменгі еңбекақы" ұғымын қолдану заң тәртібімен қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрғандықтан, ал 1999 жылдан бастап ол "айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылғандықтан, соттар азаматтардың қосымша еңбекақыны


      өндіру туралы талаптарын қарау кезінде айлық есептік көрсеткішті негізге

      алулары қажет.

      Алайда соттар Қазақстан Республикасы АК-нің

      K990409_

      960-бабының

      3-тармағына сәйкес, ең төменгі еңбекақының есебінен азаматтарға төленген

      еңбекақыға экологиялық үстемелердің ақшалай сомаларының, олардың тарапынан

      теріс пиғыл болмаған жағдайда, қайтадан өндіруге жатпайтынын назарда

      ұстаулары қажет.

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының

      Төрағасы

      Пленум хатшысы,

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Сотының судьясы

      Мамандар:

      Қасымбеков Б.А.

      Багарова Ж.А.

О применении статьи 13 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне"

Нормативное Постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 21 июня 2001 года N 5.

      В целях обеспечения единообразного и правильного применения судами статьи 13 Закона Республики Казахстан от 18 декабря 1992 года Z923600_ "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" и в связи с изменениями в законодательстве Верховный Суд Республики постановляет:

      1. Разъяснить судам, что предусмотренные статьей 13 Закона Республики Казахстан "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" надбавки к пенсиям гражданам, проживающим на территориях, указанных в статьях 5 и 6 Закона, и вышедшим на пенсию до 1 января 1998 года, а также дополнительная оплата труда работающим гражданам и проживающим на территориях, указанных в статьях 5, 6, 7, 8 и 9 Закона, относятся к социальным выплатам.

      2. Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, U952700_ "О республиканском бюджете на 1996 год" от 21 декабря 1995 года для исчисления пенсий, пособий и иных социальных выплат, а также для применения штрафных санкций, налоговых и других платежей введено понятие "месячный расчетный показатель" и до внесения соответствующих изменений в действующее законодательство государственным органам предписано руководствоваться и применять понятие "месячный расчетный показатель", установлено этим же Указом.

      Законами Республики Казахстан Z960059_ Z970201_ Z980318_ "О республиканском бюджете на 1997, 1998, 1999 годы" исчисление пенсий, пособий и иных социальных выплат также предусматривалось исходя из месячного расчетного показателя.

      Законом Республики Казахстан от 16 ноября 1999 года Z990480_ "О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О социальной защите граждан, пострадавших вследствие ядерных испытаний на Семипалатинском испытательном ядерном полигоне" в статью 12 и в подпункт 1 части второй статьи 13 названного Закона внесены изменения, слова "минимальная заработная плата" заменены на слова "месячный расчетный показатель".

      Поскольку с 1996 года применение понятия "минимальная заработная плата" в законодательном порядке было приостановлено до внесения в действующее законодательство изменений, а в 1999 году оно заменено на "месячный расчетный показатель", судам при рассмотрении исков граждан о взыскании дополнительной оплаты труда, начиная с 1996 года следует исходить из месячного расчетного показателя.


      Однако судам следует иметь в виду, что в силу подпункта 3 статьи 960

      K990409_

      ГК Республики Казахстан, денежные суммы экологических надбавок к

      заработной плате, выплаченные гражданам из расчета минимальной заработной

      платы, при отсутствии недобросовестности с их стороны обратному взысканию

      не подлежат.

      Председатель Верховного Суда

      Республики Казахстан

      Секретарь Пленума,

      судья Верховного Суда

      Республики Казахстан

      (Специалисты: Умбетова А.М.,

      Склярова И.В.)