Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 17 қаңтар N 61

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының мәртебесін қолданылып жүрген нормативтік құқықтық кесімдермен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясы мемлекеттік орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комитеті мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) болып қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Комитеттің негізгі міндеті жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогтік кадрларды аттестаттау болып айқындалсын. 

      3. Комитеттің штат саны 45 бірлік болып белгіленсін. 

      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бір айлық мерзімде Комитет туралы Ережені және оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынсын. 

      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
      1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі N 1433  қаулысына :
      көрсетілген қаулымен бекітілген, 2000 жылдың 1 қаңтарынан қолданылатын Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар қызметкерлерінің штат санының лимиттеріндегі реттік нөмірі 6-жолда: "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 208" деген сөздер 
      "Қазақстан Республикасының Білім 251 
      және ғылым министрлігі, оның ішінде: 45"; 
      Жоғары аттестациялық комитет
      деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) <*>
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .  

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады