Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 қаңтар N 73. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.11. N 41 қаулысымен. ~P020041

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 P970170_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 6, 46-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;
      3-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер олардың жалақысы қолданылып жүрген заңнамада Z990493_ Р000281_ көзделген барлық қосымша ақылар мен үстеме ақылар ескерілгенде, бұрын алынған қосымша ақылар мен үстеме ақылар, салалық, аудандық коэффициенттер, биік таулы, шөл далалы және сусыз жерлерде жұмыс істегені үшін коэффициенттер

ескерілгенде бұрын алып жүрген жалақысынан төмен болған және сол 
лауазымында жұмыс істеуін жалғастырған жағдайда қызметкерлерге жалақы 
айырмасын төлейді. Бұл ретте көрсетілген айырма жалақы қорында көзделеді.".
     2. Осы қаулы 2001 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
    

Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады