Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 қаңтар N 165 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.09.04. N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi (бұдан әрi - Тiзбе);
      3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Тiзбеде көрсетiлген республикалық мемлекеттік кәсiпорындар Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң бағынысына берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрiне төрт, соның ішінде бір бірінші вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
      Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.10.16. N 1332
қаулысымен
      4. Мына ведомстволар:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi;
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегi комитетi;
      4) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi болып қайта ұйымдастырылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiн ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру индустрия (атом, тау-кен металлургиясы, химия және мұнай химиясы өнеркәсiбiнен басқа) және сауда саласындағы функциялар мен өкiлеттiктер берiлуi бөлiгiнде қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiн және Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылатыны белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды әдiлет органдарында қайта тiркеуден өткiзсiн және осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
      7. "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 30 қарашадағы N 1817 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 519-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
     8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң       
2001 жылғы 31 қаңтардағы          
N 165 қаулысымен               
бекiтiлген                  

Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлiгi туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

     1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шегiнде Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеудi салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ осы бағыттардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырушы , қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы орталық атқарушы орган болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 589 қаулысымен.  
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлдегi өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiсi, сондай-ақ банктерде заңнамаға сәйкес есеп-шоты болады.
      Министрлiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.
      Министрлiк егер ол заңнамаға сәйкес өкiлетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуға құқы бар.
      4. Министрлiк өз құзырындағы мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
      5. Министрлiктiң Ережесiн және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi.
      6. Министрлiктiң заңдық мекен-жайы:
      Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33.
      7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi" мемлекеттiк мекемесi.
      8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
      9. Министрлiк қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға отыруға тиым салынады.
      Егер заң актiлерiмен Министрлiкке кiрiс келтiретiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi.

2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары

     10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының мониторингiн жүзеге асыру;
      2) экономикалық дамудың мемлекеттiк саясатын, инвестициялық, сыртқы экономикалық, өнеркәсiптiк (атом, тау-кен металлургиясы, химия және мұнай химиясы өнеркәсiбiнен басқа) сауда, аймақтық саясат әзiрлеу және iске асыруға қатысу және әлеуметтiк саясат әзiрлеуге қатысу;
      3) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын экономикалық талдау, болжау және реформалардың барысын бағалау;
      4) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасын, оны iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және олардың орындалуын бақылау;
      5) мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеу және оның орындалуын бақылау;
      6) инвестициялық саясатты дамыту стратегиясын әзiрлеу және iске асыру;
      7) ықтимал инвесторлар тарту және инвестициялық жобаларды iске асыру жөнiнде мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп ұйымдарға жәрдем көрсету;
      8) өз құзыры саласында өнеркәсiп салаларын және ресурстық және технологиялық базаны өзгерту негізiнде құрылысты дамыту және реформалау бағдарламаларын әзiрлеу, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;
      9) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен сыртқы экономикалық қызметтi реттеуге қатысу;
      10) демпингке қарсы бақылауды қамтамасыз ету және отандық тауар өндiрушiлердi қорғау жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
      11) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару және мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру саясатын жүргiзуге қатысу;
      12) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттік саясат жүргiзу;
      13) экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру;
      14) Қазақстан Республикасының өнеркәсiп саласындағы ғылыми-техникалық және технологиялық дамуының негiзгі бағыттарын әзiрлеуге қатысу және iске асырылуын қамтамасыз ету;
      15) ғылыми-техникалық салада, жаңашылдық қызметте кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау, ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыру;
      16) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында республикада бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың негізгі бағыттарын әзiрлеу және жүргiзiлуiн қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын дайындау болып табылады.
      11. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын, өнеркәсiп және сауда саясатын әзiрлеудi және iске асыруды әдістемелiк және ұйымдық қамтамасыз ету;
      2) орталық және жергілiктi атқарушы органдардың қатысуымен әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгі бағыттары қамтылатын қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi индикативтiк жоспарлар әзiрлейдi;
      3) болжамдық теңгерiмдер және ұлттық есептер жүйесiн әзiрлеудi және үйлестiрудi қамтамасыз етедi;
      4) мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Елдiң өндiргіш күштерiн дамытудың және орналастырудың схемасын әзiрлейдi;
      5) елдiң, Қазақстан Республикасының аймақтарының және салаларының әлеуметтiк-экономикалық дамуының мониторингiн жүргiзедi;
      6) өз құзыры шеңберiнде нормативтiк құқықтық және өзге кесiмдер жобаларының экономикалық сараптамасын жүзеге асырады;
      7) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардың (ХҚЭҰ) және донор елдердiң қаржылай және техникалық көмегiн тартудың және пайдаланудың басым бағыттарын айқындайды және оны үйлестiрудi жүзеге асырады;
      8) мемлекеттiк органдардың ХҚЭҰ-мен және донор елдермен жұмысын үйлестiредi;
      9) тарифтiк және тарифтiк емес әдiстермен сыртқы экономикалық қызметтi реттеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      10) Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясат саласындағы басымдықтарын әзiрлейдi және басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасасқан экономикалық шарттары мен келiсiмдерi бойынша мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен ұсыныстар енгiзедi;
      11) тарифтiк және тарифтiк емес реттеумен байланысты мәселелердi шешу кезiнде Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына (ДСҰ) және Кеден одағына (КО) мүшелiгi мәселелерi бойынша саясатын әзiрлеуде және жүргiзуде орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiредi;
      12) шетелдермен сауда ынтымақтастығы жөнiнде ұсыныстар дайындауда Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметiне қатысуымен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк саясат қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      13) сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделейдi және экспорт пен импорттың құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      14) демпингтiк және субсидиялық бағалар бойынша артқан импортпен немесе импортпен тауарларды отандық өндiрушiлерге келтiрiлетiн нұқсанды жою мәселелерi бойынша салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
      15) демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы кеден баждары, сандық шектеулер енгiзу мәселелерi бойынша басқа елдердiң ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      16) тауарлар импортын реттеу және шектеу жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      17) 10 миллион АҚШ долларынан астам баламалы сомада резиденттерден резиденттер еместердiң пайдасына валюталық құндылықтардың өтуiн (ауысуын) көздейтiн, капитал қозғалысымен байланысты операцияларға лицензиялар берудi келiседi;
      18) әлемдiк-экономиканың жай-күйiн және дамуын талдайды;
      19) экономикалық қауiпсiздiк мәселелерiн талдайды;
      20) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен стратегиялық жоспарлар негізiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасын және оны іс жүзiне асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын қалыптастырады, олардың орындалу мониторингiн жүзеге асырады және оларды түзету жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      21) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары және Yкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасын iс жүзiне асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Yкiметiн хабардар етедi;
      22) Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын әзiрлеудi методологиялық қамтамасыз етудi, ұйымдастыруды және iске асыру мониторингiн жүзеге асырады;
      23) Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасына, сондай-ақ отандық тауар өндiрушiлердi қолдаумен және импорт алмастыратын өндiрiстердi дамытумен байланысты бағдарламаларға енгiзу үшiн ұсынылатын инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзедi;
      24) өз құзыры шеңберiнде өнеркәсiпте мемлекеттiк инвестициялық саясат әзiрлейдi және iске асырады, тiкелей инвестициялар ағынының қозғалысына талдау жүргiзеді, оларды тартудың және ынталандырудың тәжiрибесiн зерделейдi және қорытады;
      25) ықтимал инвесторлар тартуда және инвестициялық жобаларды iске асыруда ұйымдарға жәрдем көрсетедi;
      26) атқарушы өкiмет органдарының құрылымын жетiлдiру және өзара iс-қимылы жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, атқарушы өкiмет органдарының қаржылық-экономикалық функцияларын және өкiлеттiктерiн айқындайтын нормативтiк кесiмдер әзiрлеуге қатысады;
      27) Министрлiктiң құзырына кiретiн бағыттар бойынша мемлекеттiк және салалық бағдарламалар әзiрлейдi;
      28) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру бойынша жоспарланатын iс-шаралар ұйымдастырумен және өткiзумен орталықтандырылған басшылықты қамтамасыз етедi;
      29) өз құзыры шеңберiнде мемлекеттiк өнеркәсiп және сауда саясатын әзiрлейдi және iске асырады;
      30) өз құзыры шеңберiнде өнеркәсiп саясатын iске асыру жөнiнде iс-қимылдың салааралық жоспарларын әзiрлеудi және орындалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      31) өз құзыры шеңберiнде өнеркәсiптi және құрылысты дамытудың салааралық бағдарламаларын әзiрлейдi және орындалуын ұйымдастырады;
      32) өз құзыры шеңберiнде елдiң өнеркәсiп және құрылыс кешендерi дамуының стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi;
      33) халықаралық талаптарға сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы қызметтi үйлестiредi және бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты iске асырады;
      34) мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару және оны iске асыру саясатын әзiрлеуге қатысады;
      35) республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болады;
      36) мемлекеттiк меншiкті жекешелендiру процесiне қатысады;
      37) Үкiмет шешiмдерi бойынша Министрлiктiң құзырындағы салада қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың мемлекеттік үлестерiн және акцияларының пакеттерiн иелену және пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асырады;
      38) өз құзыры шеңберiнде өнеркәсiпте және құрылыста және көлiкте мемлекеттiк баға және тариф саясатын қалыптастыруға қатысады;
      39) қару-жарақ, әскери техника, екi ұдайы мақсаттағы өнiм және соның ішінде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импортын лицензиялауды және бақылауды жүзеге асырады;
      39-1) заңнамаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын жүктер транзитіне рұқсаттар беру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің жобаларын дайындайды;
      39-2) өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      40) өз құзыры шеңберiнде, инвестициялық бағдарламалардың сараптамасын қоса алғанда, инвесторлармен жасалатын келiсiм-шарттардың өндiрiстiк-техникалық және экономикалық сараптамасын жүргiзуге қатысады;
      41) өз құзыры шеңберiнде, толлингтiк операциялардың экономикалық және технологиялық сараптамасын жүргiзедi;
      42) өз құзыры шеңберiнде сәулет-қала құрылысы саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға қатысады;
      43) ішкi қажеттi және экспортты қамтамасыз ету үшiн қару-жарақ пен әскери техника конверсиясы және өндiрiсiнiң даму бағдарламаларын әзiрлейдi;
      44) қорғаныстық және екi ұдайы мақсатты өнiм жасаудың, өндiрiсiнiң және жоюдың ағымдық және ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын іске асыруға бақылауды жүзеге асырады;
      45) қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      45-1) Қазақстан Республикасының қорғаныс тапсырысын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынады және бекітілген тапсырмаларды мемлекеттік тапсырысшы мен орындаушыларға жеткізеді;
      45-2) қорғаныс тапсырысы тапсырмаларын орындау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі салааралық үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады;
      46) өз құзыры шеңберiнде өнеркәсiптiк игеру үшiн ғылыми-техникалық зерттеулердiң жай-күйiне және даму серпiнiне талдау жүргiзедi, технологиялық сараптаманы жүзеге асырады;
      47) өз құзыры шеңберiнде, конкурстық негізде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды жүзеге асырады;
      48) экономика саласында жаңашылдық қызметті үйлестiредi, ғылымды көп қажетсiнетiн шағын және орта бизнестiң дамуына ықпал етедi;
      49) өз құзыры шеңберiнде, ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға бағытталған, ғылыми-техникалық бағдарламаларды орындаушы ұйымдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргізетін ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарды үйлестіредi;
      50) өз қызметi аясында заңнаманың қолданылу тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заңдық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын дайындауға қатысады, оларды Yкiмет қарауына енгiзедi;
      51) Қазақстан Республикасының және басқа елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзедi және шарттар жасасады;
      52) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасады;
      53) оған заңнамамен жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 589
қаулысымен
      Ескерту. 11-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2001.05.18. N 653 қаулысымен
      12. Министрлiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi іске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) Қазақстан Республикасының Yкiметiне мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, мемлекеттiк инвестициялар бағдарламаларын және Yкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасын iс жүзiне асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарларын iске асыруын бақылауды жүзеге асыруға;
      3) Yкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Iс-шаралар жоспарына түзету енгiзу жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкiметiне ұсыныстар енгiзуге;
      4) өз құзыры шеңберiнде орталық және жергiлiкті атқарушы органдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
      5) өз құзыры шеңберiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
      6) өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасасуға;
      7) сараптамалар және консультациялар жүргiзу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
      8) Министрлiкке ғылыми зерттеулерге бөлiнген қаражат шегiнде маңызды ғылыми қаржылық-экономикалық жұмыстардың тiзбесiн айқындауға, Министрлiктiң құзырына кiретiн мәселелер әзiрлеу үшiн белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандар тартуға;
      9) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасасатын сауда-экономикалық шарттары мен келiсiмдерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
      10) ұйымдардың банкроттығының алдын алу жөнiндегі шаралар iске асыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      11) қорғаныс өнеркәсiбi конверсиясын iске асыруға қатысуға;
      12) iшкi және сыртқы рыноктарда отандық тауар өндiрушiлер өнiмiнiң бәсекелестiк қабiлетiн бағалауға және жылжытуға мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етуге, импорт алмастыруды дамыту бағдарламасын әзiрлеуге;
      13) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
      14) оған заңнамамен жүктелген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Министрліктің мүлкі

     13. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкi болады.
     Министрлiк мүлкi оған мемлекет берген мүлiктен құралады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге мүлiктен тұрады.
     14. Министрлiкке бекiтiлген мүлік республикалық меншiкке жатады.
     15. Министрлiк өзiне бекiтiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен алуға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқылы емес.
     Министрлікке заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.    

4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру

     16. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      Қазақстан Республикасының Yкiметi Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдiң орынбасарлары - вице-министрлер болады.
      17. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.
      18. Министр осы мақсаттарда:
      1) өзiнiң орынбасарларының және Министрлiк құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) заңнамаға сәйкес Министрлiк қызметкерлерiн лауазымдарына тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiк қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) ведомстволар туралы ережелерден басқа, Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      6) Министрлiктiң мүддесiн барлық мемлекеттiк органдарда және өзге ұйымдарда бiлдiредi;
      7) Министрлiктiң жұмыс регламентiн бекiтедi;
      8) заңнамаға сәйкес өзге өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      19. Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесушi орган болып табылатын Министрлiктiң Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi.

5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату

     20. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылады және таратылады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң       
2001 жылғы 31 қаңтардағы           
N 165 қаулысымен               
бекiтiлген                  

Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің
қарауындағы ұйымдардың тізбесі

    1. "Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
     2. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығы"
республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
     3. <*>
     4. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
     Ескерту. Тізбе 4-жолмен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.04.23. N 541 қаулысымен .
     Ескерту. 3-жол алынып тасталды  - ҚР Үкіметінің 2001.12.28. N 1748 қаулысымен .  

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң        
2001 жылғы 31 қаңтардағы            
N 165 қаулысымен                  
бекiтiлген                     

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

     1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк
кәсiпорындардың тiзбесiнде:
     "Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi"
бөлiмi мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"30а-1  "Машина жасауды болжау жөнiндегi
        ғылыми-зерттеу орталығы"
        республикалық мемлекеттiк қазыналық
        кәсiпорыны                                  Қарағанды қаласы

30а-2   "Машина жасау" салааралық ғылыми-
        технологиялық орталығы"
        республикалық мемлекеттiк қазыналық
        кәсiпорыны                                  Алматы қаласы

30а-3   "Экономикалық зерттеулер институты"
        республикалық мемлекеттiк кәсiпорыны
        (шаруашылық жүргiзу құқығында)              Алматы қаласы";


      "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" бөлiмiнiң тақырыбы мына редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi";
      "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" бөлiмiнде
      тақырыбы мына редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi";
      реттiк нөмiрлерi 105-7, 105-13-жолдар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" бөлiмiнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегі комитетi";
      "Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi" бөлiмi және реттiк нөмiрi 510-жолы алынып тасталсын.
      2. <*>
      Ескерту. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.26. N 126 қаулысымен
      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 10 қыркүйектегi N 1363 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 422-құжат):
      1) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" 1999 жылғы 20 мамырдағы N 144 Жарлығына" және "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына сәйкес деген сөздер алынып тасталсын;
      тақырыбындағы және мәтiнiндегi "энергетика, индустрия" деген сөздер "экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi туралы ережеде:
      тақырыбындағы және мәтiнiндегi "энергетика, индустрия" деген сөздер "экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      тақырыбындағы "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 14 қыркүйектегі N 1388 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 46, 427-құжат):
      1) кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 қаулысына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      тақырыбындағы және мәтiнiндегi "Энергетика, индустрия" деген сөздер "Экономика" деген сөзбен ауыстырылсын;
     2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң Антидемпингтiк бақылау жөнiндегі комитетi туралы ережеде:
     тақырыбындағы және мәтiнiндегi "энергетика, индустрия" деген сөздер "экономика" деген сөзбен ауыстырылсын.
     5. <*>
     ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.02. N 904 қаулысымен .  
 

  

     

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады