Байланыс формасы

Кейбiр ұйымдарды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң қарамағына беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 ақпан N 186

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - Кәсiпорындар) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оларға қатысты функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң органы болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне "Республикалық инновациялық қор" жабық акционерлiк қоғамының және "Биопрепарат", "Биомедпрепарат" ашық акционерлiк қоғамдарының мемлекеттік акциялар пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын берсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен: 
      1) Кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi "Медицинада, ауыл шаруашылығында және өнеркәсiпте биотехнология және гендiк инженерияның әдiстерiн пайдалану" республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының әкiмшiсi болып белгiленсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн.
     7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң              
2001 жылғы 5 ақпандағы        
N 186 қаулысына            
1-қосымша                

  Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгiнiң қарамағына берiлетiн кәсiпорындардың
ТІЗБЕСI 

1. Қазақстан Республикасы Энергетика,         Ақмола облысы,
   индустрия және сауда министрлiгiнiң        Степногорск қаласы
   "Қазақстан Республикасының
   биотехнология жөнiндегi ұлттық
   орталығы" республикалық мемлекеттiк
   қазыналық кәсiпорны

2. Қазақстан Республикасы Энергетика,         Ақмола облысы,
   индустрия және сауда министрлiгiнiң        Степногорск қаласы
   "Фармацевтикалық биотехнология
   институты" республикалық
   мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

3. Қазақстан Республикасы Энергетика,         Алматы қаласы
   индустрия және сауда министрлiгiнiң
   "Өсiмдiктер физиологиясы, генетикасы
   және биоинженериясы институты"
   республикалық мемлекеттiк
   қазыналық кәсiпорны

4. Қазақстан Республикасы Энергетика,         Жамбыл облысы
   индустрия және сауда министрлiгiнiң        Гвардейский кенті
   "Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу
   институты" республикалық
   мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

5. Қазақстан Республикасы Энергетика,         Алматы қаласы
   индустрия және сауда министрлiгiнiң
   "Дәрілiк қосылыстарды биологиялық
   зерттеулердің орталық лабораториясы"
   республикалық мемлекеттiк
   қазыналық кәсiпорны

6. Қазақстан Республикасы Энергетика,         Алматы қаласы
   индустрия және сауда министрлiгiнiң
   "Алматы биокомбинаты"
   республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

7. Қазақстан Республикасы Энергетика,         Алматы қаласы
   индустрия және сауда министрлiгiнiң
   "Лазерлік технология жөніндегі
   Алматы инженерлік орталығы"
   республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

Қазақстан Республикасы       
Yкiметiнiң             
2001 жылғы 5 ақпандағы       
N 186 қаулысына          
2-қосымша                

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiндегi: 
      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi" бөлiмiнде: 
      бөлiмнiң атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 222-1 және 222-2-жолдармен толықтырылсын: 
      "222-1. "Республикалық инновациялық қор" ЖАҚ 
      222-2. "Биопрепарат" ААҚ". 
      3. "Кейбiр ұйымдарды Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағына беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 24 қазандағы N 1596 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 477-құжат): 
      2-тармақтағы "Республикалық инновациялық қор", "Биопрепарат" және "Биомедпрепарат" деген сөздер алынып тасталсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағына берiлетiн ұйымдардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрлерi 3, 4, 5, 6, 7, 8, 12, 14, 15-жолдар алынып тасталсын; 
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар тiзбесiндегi реттiк нөмiрлерi 4 және 5-жолдар алынып тасталсын.
     4.№<*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады