Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 8 ақпандағы N 212 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбiр мәселелерi туралы" 2001 жылғы 29 қаңтардағы N 543 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      2001 жылғы 20 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгiмен, Экономика және сауда министрлiгiмен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (бұдан әрi - Қор) қалыптастыру және пайдалану үшiн қажеттi "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актілерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" және "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкiметінiң қарауына енгiзсiн;
      2001 жылғы 1 наурызға дейін мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, Қорды сенiмгерлiк басқару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен жасалатын шарттың жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкiметінің қарауына енгізсiн;
      2001 жылғы 15 сәуiрге дейiнгi мерзiмде есептiлiктi түзу ережесiн, оның iшiнде Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлiк есебiн жүзеге асыруды реттейтiн, сондай-ақ ақшаны Қорға есепке алу және оны пайдалану ережесiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бекiтуіне енгiзсін;
      2001 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргiзу үшiн тәуелсіз аудиторды таңдау ережесiн әзiрлесiн және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекітуiне енгiзсiн;
      2001 жылғы 1 шiлдеге дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп, Қорды басқаруға байланысты қызмет жөнiндегі ақпараттық материалдарды және қаржылық есептiлiктi ұсыну кестесiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бекiтуiне енгізсiн.
      2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады