Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 ақпан N 257. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Жоғары аттестациялық комиссиясын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 17 қаңтардағы N 61   қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қоса берiлiп отырған: 
      1) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi туралы ереже;
      2) Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Жоғары аттестациялық комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Yкiметiнiң             
2001 жылғы 20 ақпандағы       
N 257 қаулысымен          
бекiтiлген               

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң
Жоғары аттестациялық комитетi туралы
ЕРЕЖЕ 

1. Жалпы ережелер 

       1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi (бұдан әрi - ЖАК) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 
      2. ЖАК өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 
      3. ЖАК мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банкте шоттары болады. 
      ЖАК өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. 
      Егер, оған заңнамаға сәйкес өкiлеттiлiк берiлген болса, онда ЖАК-тың мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуына құқығы бар. 
      4. ЖАК өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi түрде күшi болатын бұйрықтар шығарады. 
      5. ЖАК-тың құрылымы мен штат саны лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 
      6. ЖАК-тың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 480100, Алматы қаласы, Шевченко көшесi, 28.<*> 
       Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.25. N 1007 
қаулысымен.  
      7. ЖАК-тың толық атауы - "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Жоғары аттестациялық комитетi" мемлекеттiк мекемесi. 
      8. Осы ереже ЖАК-тың құрылтайшылық құжаты болып табылады. 
      9. ЖАК-тың қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 
      ЖАК-қа оның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 
      ЖАК-қа кiрiс беретiн қызметтi жүзеге асыруға заңнамалық кесiмдермен құқық берiлген жағдайда, онда осындай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 

 

2. ЖАК-тың негiзгі мiндеттерi, функциялары
мен құқықтары 

 
      10. ЖАК-тың негiзгi мiндеттерi: 
      1) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
      2) қысқа мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау жүйесiн дамытудың жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу; 
      3) қызметтi үйлестiру диссертациялық және сараптамалық кеңестердiң желiсiн қалыптастыру және бақылау; 
      4) бiрыңғай талаптарға сәйкес ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстер қарауды мемлекеттiк реттеу; 
      5) ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға, бағдарламаларға сараптама жүргiзуге қатысу болып табылады. 
      11. ЖАК өзiне жүктелген міндеттерге сәйкес және заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау бағыттарын айқындауға қатысады; 
      2) ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлейдi; 
      3) өз құзыретi шегiнде заңнамалық және өзге де құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлейдi; 
      4) Ғылыми қызметкерлердiң мамандықтар номенклатурасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне (бұдан әрi - Министрлiк) бекiтуге ұсынады; 
      5) басқа елдердiң ұлттық мемлекеттiк аттестациялау органдары берген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтары бар азаматтардың құжаттарын нострификациялауды жүргiзудi ұйымдастырады; 
      6) олардың меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдардағы, жоғары оқу орындарындағы диссертациялық кеңестер желiсiн оңтайландыру бойынша ұсыныстар қалыптастырады және дайындайды; 
      7) диссертациялық кеңестердiң дербес құрамын, олар бойынша кеңестерге диссертациялар қорғауға қабылдау құқығын беретiн ғылыми мамандықтар мен салалардың тiзбесiн Министрлiкке бекiтуге ұсынады; 
      8) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстердi қарайды және олар бойынша қойылатын бiрыңғай талаптарға сәйкес шешiм қабылдайды, мемлекеттiң атынан дипломдар мен аттестаттарды ресiмдеу және берудi жүзеге асырады; 
      9) кандидаттық емтихандардың бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады; 
      10) диссертациялық жұмыстарды, аттестациялық iстердi сараптауға ақы төлеудi жүзеге асырады; 
      11) Министрлiкке ұсыну үшiн кандидаттық және/немесе докторлық диссертацияларды қорғау және ғылыми атақтар беру жөнiндегi диссертациялық кеңестердiң ашылуы, сондай-ақ көзделген жағдайларда олардың жабылуы туралы шешiмдер дайындайды; 
      12) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы ұйымдардың қызметiне талдау жасауды және мониторингтi жүзеге асырады; 
      13) ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады; 
      14) баспа қызметiн жүзеге асырады; 
      15) оған заңнамада жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 
      12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн ЖАК өз құзыретi шеңберiнде және заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдауға; 
      2) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан және лауазымды адамдардан ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға; 
      3) ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру мәселелерi бойынша мемлекет атынан түпкiлiктi шешiмдер қабылдауға; 
      4) шет елдердiң мемлекеттiк органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы келiссөздер жүргiзуге және ұсыныстар енгiзуге;
      5) жоғары бiлiктi ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау проблемаларын шешу жөнiндегi ұсыныстар дайындау үшiн отандық, соның iшiнде шетелдiк жетекшi ғалымдар мен мамандарды тартуға;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.     

3. Мүлкі

     13. ЖАК-тың жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлкi болады.
     14. ЖАК-қа бекітiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
     15. ЖАК-тың өзiне бекiтiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
     Заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде ЖАК-қа мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.

4. ЖАК-тың қызметiн ұйымдастыру 

       16. ЖАК-ты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. 
      ЖАК Төрағасының ұсынуы бойынша ЖАК Төрағасының Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады. 
      17. ЖАК-тың Төрағасы ЖАК-тың жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, ЖАК-қа жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 
      18. Осы мақсатта ЖАК-тың Төрағасы: 
      1) өзiнiң орынбасарлары және ЖАК-тың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; 
      2) заңнамаға сәйкес ЖАК қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен ЖАК қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жазалар қолдану туралы шешiмдер қабылдайды; 
      4) бұйрықтарға қол қояды; 
      5) ЖАК-тың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 
      6) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда ЖАК-тың мүддесiн бiлдiредi; 
      7) заңнамаға сәйкес өзге да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
      19. ЖАК-тың жанында ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялау саласындағы маңызды проблемаларды талқылау үшiн оны Төраға басқаратын консультативтiк-кеңесшi орган - ЖАК-тың Төралқасы құрылады. ЖАК Төралқасының құрамына ЖАК-тың Төрағасы, оның орынбасарлары, бас ғылыми хатшы және Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi айқындайтын өзге де адамдар енедi.
      ЖАК-тың Төралқасы Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi бекiтетiн, ол туралы Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.

5. Қайта ұйымдастыру және тарату 

       20. ЖАК-ты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы       
Yкiметiнiң             
2001 жылғы 20 ақпандағы       
N 257 қаулысымен          
бекiтiлген               

Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
министрлігі Жоғары аттестациялық комитетiнiң
құрылымы 

      Басшылық
     Жоғары бiлiктi кадрларды даярлау және құжаттарды ресiмдеу басқармасы
     Физика-математика, техника ғылымдары, жер және ғарыш туралы ғылымдар жөнiндегі бөлiм
     Медицина, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдар жөнiндегі бөлiм
     Химия және биология ғылымдары жөнiндегі бөлiм
     Гуманитарлық ғылымдар жөнiндегі бөлiм
     Бағдарламаларды, жобаларды сараптау бөлiмi
     Қаржы-экономикалық бөлiм
     Ұйымдастыру бөлiмi     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады