Байланыс формасы

"Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөнiндегi республикалық базалық зертхана" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 294

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Дәрiлiк заттарды стандарттау және бақылау жөнiндегi республикалық базалық зертханасы" мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң "Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөнiндегi республикалық базалық зертхана" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
      2. Кәсiпорынды басқарудың мемлекеттiк органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
      1) Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органында мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 52, 527-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      2  "Мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 68 және 69-жолдармен толықтырылсын:
      "68. Дәрiлiк заттарды сараптау және стандарттау жөнiндегi республикалық зертхана".
      "69. Республикалық клиникалық аурухана".
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады