Байланыс формасы

"Шығыстың және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегі ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 ақпан N 296

      "2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 P000912_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнің "Шығыстың және осы заманғы медицинаның республикалық шаруашылық есептегi ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны мемлекеттiң жарғылық капиталға жүз пайыздық қатысуымен "Халық медицинасының республикалық ғылыми-практикалық орталығы" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) Қоғам жарғысын бекіту кезiнде қызметінiң негiзгi мәнi:
      медициналық қызметпен халық медицинасының әдiстерiн және құралдарын пайдалана отырып, айналысу;
      халықты диагностикалаудың, сауықтырудың және емдеудiң халық медицинасы саласындағы ғылыми негiзделген әдiстерiн әзiрлеу және практикаға енгiзу;
      халық медицинасымен айналысатын адамдарды оқыту және білiктiлiгiн көтерудi ұйымдастыру болып белгіленсiн;
      2) Қоғам мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн белгiленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен 25 пайыздан аспайтын сомаға акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 P991191_ қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық сала ұйымдарын акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастырудың ережелерiне сәйкес жүргiзсiн;
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатуды жүзеге асырсын;
      4) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                    Үкiметiнiң
                                              2001 жылғы 28 ақпандағы
                                                 N 296 қаулысымен
                                                    бекiтiлген

                Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр
          шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
 
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi:
      "Алматы қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-36-жолмен толықтырылсын:
      "123-36 "Халық медицинасы орталығы" ЖАҚ-ы.
      3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiндегi:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiне" бөлiмiнде:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiне;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 226-1-жолмен толықтырылсын:
      "226-1   "Халық медицинасы орталығы" ЖАҚ-ы.
      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      2  "Мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 55-жол алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады