"Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының жекелеген мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 наурыз N 323

      Спорттық резерв пен Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң қарамағына берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi "Спорт медицинасы мен оңалту орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiн жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын. 
      4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде реттiк нөмiрi 62-жол алынып тасталсын; 
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N 1130  қаулысымен .
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады