Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өсімдіктер карантин саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 наурыз N 354


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 2000 жылғы 8 маусымда Астана қаласында жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжікстан 
Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 
өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
              
     Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы
               және Өзбекстан Республикасының
                   Мемлекетаралық кеңесі
     
                Премьер-Министрлер кеңесі
     
                   Қазақстан Республикасы Үкіметі,
        Қырғыз Республикасы Үкіметі, Тәжікстан Республикасы
           Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің
                   арасындағы өсімдіктер карантині
                  саласындағы ынтымақтастық туралы
                           Келісім
     


      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Тәжікстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
      Карантиндік объектілердің әкелінуі мен таратылуын болдырмау ынтымақтастығының маңыздылығын тани отырып,
      өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру және кеңейту ынтасын және үйлестіруді қамтамасыз ету ынтасын басшылыққа ала отырып;
      Тараптар арасындағы контракттарды және шаруашылық және сауда байланыстарын дамытуды жүзеге асыруда карантиндік объектілердің енуі мен таратылуынан аумақтарды өзара сақтандыру мүдделеріне сүйене отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

                               1-бап

      Осы Келісімде келтірілген терминдердің мынадай мағынасы болады:
      карантиндік объектілер - Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында болмайтын немесе шектеулі таратылған, бірақ өсімдіктерге немесе өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіретін өсімдіктер мен арамшөптер зиянкестерінің, ауруларын қоздырушылардың түрлері;
      карантинге жатқызылған материалдар - карантиндік объектілерге (тұқым отырғызу материалы, өсімдік және оның бөліктері, өсімдік текті басқа өнім) мүмкіндік туғызатын немесе олардың көмегімен таратылатын кез келген материалдар;
      өсімдік карантині - жерсіндіру немесе карантиндік зиянды организмдердің таратылуын немесе олармен ресми күресуді қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.

                           2-бап

      Осы Келісім іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыратын тараптардың құзыретті органдары болып табылады:
      Қазақстан Республикасынан - Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктерді қорғау және карантині департаментінің жәрдемі арқылы;
      Қырғыз Республикасынан - Ауыл және су шаруашылығы министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекцияның жәрдемі арқылы;
      Тәжікстан Республикасынан - Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі Мемлекеттік инспекцияның жәрдемі арқылы.
      Тараптардың құзыретті органдары осы келісімді орындау мақсатымен тікелей байланысты белгілейді, сондай-ақ өзара келісімдер жасауға, халықаралық талаптармен сай келтірілген фитосанитарлық іс-шараларды жүзеге асырудың процедураларын бірлесіп өткізуге құқылары бар.

                           3-бап

      Тараптардың құзыретті органдарының бірлескен шешімі белгіленген карантиндік объектілердің тізбелеріне сәйкес Тараптар мемлекеттерінің шекараларындағы өсімдіктер карантині жөніндегі бекеттер арқылы импорт, экспорт, транзит кезінде Тараптар карантиндік материалдарды карантиндік тексеру жөніндегі іс-шараларды өткізетін болады.
      Карантиндік материалды карантиндік тексеру жөніндегі шығындарды Тараптар аумақтарында қабылданған тарифтер бойынша жүк иесі төлейді.

                           4-бап

      Өз мемлекеттерінде ұлттық заңнамаға сәйкес бекітілген, бір Тарап мемлекетінің аумағынан басқа Тарап мемлекетінің аумағына жіберілетін карантинге жатқызылған материалдардың импорты, экспорты және транзиті жөніндегі фитосанитарлық ережелер сақтауды Тараптар міндеттенеді.

                           5-бап

      Өсімдіктер карантині саласындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында:
      импорт, экспорт және транзит кезінде карантиндік объектілердің Тараптың бір аумағынан екінші аумағына енуін болдырмау жөніндегі қажетті шаралар қабылдануға;
      өсімдіктер карантині жөніндегі шараларды олардың аумақтарында реттейтін заңды актілермен, олардың жарияланған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей алмасуды;
      өсімдіктер карантині саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, олардың елдеріндегі арнайы журналдардағы басылымдар, монографиялар мен маңызды публикациялар туралы ақпаратпен өзара алмасуды;
      олардың іссапарға жіберу арқылы, олардың карантинге жатқызылған материалдарды іріктеп, карантиндік тексеруді жүзеге асыру мақсатында, шекарааралық бекеттерде өсімдік карантині мәселелерін жедел шешу, карантинге жатқызылған материалдарды өндіру дайындау мақсатында, сондай-ақ өсімдіктер карантині саласындағы практикалық тәжірибені меңгеру мақсатында мамандармен алмасуды Тараптар міндеттенеді.

                         6-бап

      Тараптар мемлекеттерінің аумақтарында өндірілетін транзитпен әкелінетін немесе өтетін карантинге жатқызылған материалдың әрбір партиясы экспорт шығарушы-елдің өсімдіктер карантині жөніндегі қызметі беретін фитосанитарлық сертификат қоса берілуге тиіс, онда карантинге жатқызылған материал жасайтын тарап қоятын фитосанитарлық талаптарға сай екендігін куәландырады.
      Тұқымдық және отырғызу материалының, (сондай-ақ карантинге жатқызылған) экспорты мен транзиті, сондай-ақ шыққан еліне қарамастан карантинге жатқызылған материалдардың реэкспорты импорт жасаушы тараптың импортқа берілген карантиндік рұқсаты мен фитосанитарлық сертификат қоса берілгенде рұқсат етіледі.
      Фитосанитарлық сертификат пен импортқа берілетін карантиндік рұқсатты беру жөніндегі шығындарды мемлекетке қабылданған тарифтер бойынша жүк иесі төлейді.
      Тараптардың құзыретті органдары карантинге жатқызылған материалдардың жеке партияларын сатып алғанда осындай материалдардың фитосанитарлық жағдайы жөніндегі қосымша шарттарды қою құқығын өздеріне қалдырады.
      Мұндай жағдайларда карантинге жатқызылған материалдарды экспорттағанда Тараптардың карантиндік инспекторлармен бірлесіп экспорт жасаушы-елдің аумағында алдын-ала тексерудің жүзеге асырылуына болады.
      Өсімдіктер карантині қызметінің мамандары бірлескен фитосанитарлық бақылау жүргізу кезінде олардың мемлекеттерінде қабылданған және халықаралық келісімдер мен үйлесетін заңдық актілер мен талаптарды басшылыққа алуға міндетті.
      Басқа Тараптық карантиндік қызметінің мамандарын қабылдайтын Тарап еңбек қауіпсіздігін техникасы сақталған жағдайда фитосанитарлық жұмыстарды жүргізу үшін оларды қызметтік үй-жайлармен, зертханалық жабдықтармен және басқа материалдармен қамтамасыз етеді.
      Әрбір жеке жағдайда қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Тараптың құзыретті органдары бірлескен фитосанитарлық бақылау тәртібін және басқа талаптарын белгілейді.

                              7-бап

      Өз мемлекетінің фитосанитарлық талаптары бойынша жүктерді карантиндік тексеруден өткізу фитосанитарлық сертификаттың болуы Тараптардың әрқайсысының құқығын ала алмайды.
      Тараптар өз мемлекеттерінің аумақтарында оларды тексеру мақсатында экспорт, импорт, транзит карантинге жатқызылған материалдары арқылы жүзеге асырылатын және карантиндік объектілердің енуінен сақтайтын шекаралық бекеттерді белгілейді.

                             8-бап

      Карантинге жатқызылған материалды экспорттау кезінде жер қыртысынан бос болатын, жоңқа, үгінді, қағаз, пластикалық және басқа материалдар буып-түйетін материалдар ретінде қолданылатын болады, ал пішен, сабан, топан, жапырақтар тараптардың құзыретті органдарының алдын-ала келісімі болмаса бұл мақсатта қолданылмайды.
      Басқа Тараптардың аумақтарына карантиндік материалдарды апару үшін қолданылатын бір Тараптың көліктік құралы тазартылуға және қажетті болғанда зарарсыздандырылуға тиіс.

                             9-бап

      Тараптардың құзыретті органдары экспорт жасаушыға экспорт жасаушы елдің шекаралық бекетінде фитосанитарлық бақылау кезінде карантиндік организмдер табылған жағдайда оның иесі есебінен қайтаруға немесе карантиндік материалдарды зарарсыздандыруға құқысы бар, ал жоюға - материалды қайтаруға немесе залалсыздандыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда Тараптардың құзыретті органдары әрбір жеке жағдайда алдын-ала хабарланып отыруға тиіс.

                           10-бап

      Осы Келісімнің орындалуымен байланысты практикалық мәселелерді шешу үшін, Тараптардың құзыретті органдары қажет болған жағдайда бірлескен Мәжіліс ұйымдастырады.

                            11-бап

      Осы Келісімді талқылауда және қолдануда туындаған даулы мәселелер Тараптар арасындағы келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы шешілетін болады.
      Тараптардың келісімі бойынша осы келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жеке хаттамалар түрінде ресімделетін болады.

                            12-бап

      Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық келісімдерден немесе өсімдіктердің және қорғалуы жөніндегі халықаралық ұйымдардағы олардың мүшеліктерімен байланысты туындайтын осы Келісім Ережелерінің Тараптардың құқықтары мен міндеттерінде қатысы болмайды.

                             13-бап

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті Депозитордан Тараптармен мемлекетішілік процедуралардың орындалуы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін күшіне енеді.
      Осы Келісім күшіне енген күннен бастап бес жыл бойы күшінде болады,

мерзім аяқталғаннан кейін Тараптар басқа шешім қабылдамаса, Келісім 
өздігінен келесі 5 жылдық кезеңдерге созылады. 
     Осы Келісімнің кез келген Тарабы осы туралы депозитарияға жазбаша 
хабарлама жіберіп одан шыға алады.
     Осы Келісімнің әрекеті 6 ай шамасында бұл тараптарға қатысты осындай 
хабарлама депозитордан алынған күнінен бастап тоқтатылады.
     Астана қаласында 2000 жылдың 8 шілдесінде орыс тілінде бір түпнұсқа 
данада жасалды.
     Түпнұсқа дана Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан 
Республикасы және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің 
Орындаушы комитетінде сақталады, ол әрбір мемлекетке - қатысушыға оның 
мөрін жібереді.
     
     Қазақстан           Қырғыз          Тәжікстан          Өзбекстан
   Республикасының   Республикасының   Республикасының   Республикасының
     Үкіметі үшін      Үкіметі үшін     Үкіметі үшін       Үкіметі үшін
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.   
     
     
     
     
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады