Байланыс формасы

"Медеу" спорт кешенін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 31 наурыз N 426

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Алматы қаласының мәртебесі және оны одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 20 қазандағы N 3698  U973698_ Жарлығына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі  заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы Алматы қаласы әкімінің ұсынысы қабылдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптарға сәйкес "Биік таудағы "Медеу" спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне беруді қамтамасыз етсін. 
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      4. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілетін "Медеу" спорт кешенінің қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады