Байланыс формасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 сәуір N 526

      "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына және "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны қайта құру жолымен, жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қазақ спорт және туризм академиясы" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
      1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде қызметінің негізгі мәні: 
      дене шынықтыру, спорт, туризм саласында жоғары білікті мамандар даярлау; 
      дене шынықтыру, спорт, туризм саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу деп белгіленсін; 
      2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін белгіленген тәртіппен, шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың қосымша эмиссиясын шығару жолымен, оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191   қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін; 
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін акциялардың мемлекеттік пакетін жарғылық капиталының 45 пайызы мөлшерінде сатуды жүзеге асырсын;
      4) Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне берсін;
      5) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2001 жылғы 19 сәуірдегі      
N 526 қаулысымен         
бекітілген               

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
          енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі: 
      "Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-42-жолмен толықтырылсын: 
      "123-42. Қазақ спорт және туризм академиясы" ЖАҚ". 
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерімен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына: 
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесіндегі: 
      "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-7-жолмен толықтырылсын:
      "222-7.   Қазақ спорт және туризм академиясы" ЖАҚ".
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады