Байланыс формасы

Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 19 сәуір N 527

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны ірілендіру және қайта атау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Ақмола қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта атау туралы Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының ұсынысына келісім берілсін.
      2. Кәсіпорынға "Алматы қаласындағы мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат берілсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы:
      1) Кәсіпорын Жарғысына тиісті өзгерістерді енгізсін және оның әділет органдарында қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады