Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 3 мамыр N 597 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1247 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1247 Қаулысымен.

      "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы мүліктің қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу ережесі бекітілсін.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң         
2001 жылғы 3 мамырдағы               
N 597 қаулысымен бекiтiлген             

          ЖЫЛЖЫМАЛЫ МYЛIКТIҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГI ШАРТЫН
                МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ЕРЕЖЕСI 

        Осы Ереже "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi.    

                     1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Ереже жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шартын (бұдан әрi - лизинг шарты) мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн белгiлейдi және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.
 

      2. Лизинг шарты мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      Лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулар, егер лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны, лизинг мәнiн, сондай-ақ лизинг шартының қолданылу мерзiмiн өзгертуге әкелiп соқтырса, олар мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жатады.
 

      3. Сублизинг шарты тiркелуi тиiс:
      1) лизинг шарты немесе сублизинг шарты тараптарының бiреуiнiң талабы бойынша;
 

      2) егер лизинг шартымен оның мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оған сәйкес жасалған сублизинг шартының тоқтауына әкеп соқтырмайтыны көзделсе.
 

      4. Лизинг мәнiн уақытша иелену және пайдалану құқығы лизинг шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап "Қаржы лизингi туралы" Заңның 5-бабына сәйкес лизинг алушыға толық көлемде өтедi.
 

      5. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу лизинг мәнiне лизинг берушiнiң және лизинг алушының құқықтарын мемлекеттiң растауы мақсатында жүзеге асырылады.
 

      6. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне тиiстi жазу енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
 

      7. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу лизинг берушiнiң не лизинг алушының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.
 

     8. Осы Ереже сублизинг шартын мемлекеттiк тiркеуге қолданылады.

2. ЛИЗИНГ ШАРТЫН МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ YШIН
ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР, ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ
ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      9. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу үшiн өтiнiш берушi тiркеушi органға мыналарды табыс етедi:
      лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу туралы жазбаша өтiнiш;
      екi данада лизинг шарты;
      егер лизинг берушi банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы ұйым болса, лизинг қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      егер лизинг мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк болса, лизинг мәнiне меншiк құқығының мемлекеттiк тiркелу фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
      Бұдан басқа, жоғарыда көрсетiлген құжаттармен бiрге:
 

      1) жеке кәсiпкер болып табылатын жеке тұлға тiркеушiге жеке басын куәландыратын құжатты көрсетедi және салық есебiнде тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсынады;
 

      2) заңды тұлғаның өкiлi заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн, нотариалды куәландырылған жарғының немесе ереженiң көшiрмесiн, заңды тұлғаның салық есебiнде тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты және осы заңды тұлғаның атынан iс-қимыл жасауға оның өкiлеттiгiн растайтын нотариалды куәландырылған құжатты ұсынады.
 

      10. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш мыналарды қамтуы тиiс:
 

      1) тiркеушi органның атауы;
 

      2) өтiнiш берушiнiң атауы және орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрған жерi (жеке тұлға үшiн);
 

      3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжаттың деректерi (атауы, сериясы, нөмiрi, берiлген күнi);
 

      4) лизинг шартының жасалған күнi және орны;
 

      5) қоса берiлетiн құжаттардың тiзiмдемесi;
 

      6) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолы.
      Сублизинг шартын мемлекеттiк тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш, жоғарыда көрсетiлген тармақтардан басқа мыналарды қамтуы тиiс:
      лизинг мәнiн сублизингке беруге лизинг берушiнiң келiсiмi туралы мәлiмет, осындай келiсiмдi жазбаша растау қоса тiркелiп;
      лизинг шартының мемлекеттік тiркелуiне сiлтеме (тiркеу N және күнi).
 

      11. Лизинг шарты мемлекеттiк тiркеуге, заңнамамен белгiленген талаптарға сәйкес ресiмделген, екi түпнұсқа данада тапсырылады.    

3. МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ МЕРЗIМI

     12. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi ішінде жүргізілуі тиіс.
 

     13. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тiркеушi орган мынаған мiндеттi:
     1) мемлекеттiк тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналына өтiнiштi енгiзуге және нөмiр беруге;
 

     2) өтiнiш берушiге өтiнiштiң күнi және нөмiрi көрсетiлiп, тапсырылған құжаттардың қабылданғанын растайтын қолхат беруге;
 

     3) өтiнiштегi мәлiметтердiң дұрыстығын тексеруге;
 

     4) Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне осы Ереженiң 21-тармағында белгiленген деректердi енгiзуге;
 

     5) мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан кейiн лизинг шартының мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан басылған бiр данасын өтiнiш берушiге қайтаруға.
 

     14. Егер лизинг шарты нотариалды түрде куәландырылмаса және лизинг шартының тараптары (тараптардың бiрi) жеке кәсiпкер болып табылатын жеке тұлға болса, тiркеушi орган мәмiле жасаған тұлғалардың қолдарының растығын, сондай-ақ олардың өз еркiне сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi.

4. ЛИЗИНГ ШАРТЫН МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ОРНЫ

       15. Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiк болып табылатын лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуді, лизинг мәнiн мемлекеттiк тiркеген орын бойынша, осы мүлiктi мемлекеттiк тiркеуге уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.
 

      16. Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын мүлiк болып табылатын лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуді, лизинг алушының аумақтық салық органында салық есебiне тұрған орны бойынша, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiнiң Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтарының" мемлекеттiк  қазыналық кәсiпорындары жүзеге асырады.
     Егер лизинг алушы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекемесi, филиалы немесе өкiлдiгi жоқ Қазақстан Республикасының резидентi болмаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу лизинг берушiнiң аумақтық салық органында салық есебiне тұрған орны бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.18. N 816 Қаулысымен. 

5. МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЖАТТАМАСЫ   

     17. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн құжаттамасының нысаны мен мазмұнын тіркеуші орган осы Ережеге сәйкес белгiлейдi.    

6. МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУГЕ ТYСЕТIН ҚҰЖАТТАРДЫҢ
ЕСЕБIН ЖYРГIЗУ ЖУРНАЛЫ

      18. Мемлекеттік тiркеуге түсетiн құжаттардың есебiн жүргiзу журналы есеп және өтiнiштердiң және лизинг шарттарының, сондай-ақ басқа да құқық белгiлеушi құжаттардың есебiн жүргiзу әрi оларға нөмiр беру мақсатында жүргiзiледi.
 

      19. Тiркеу органына келiп түскен әрбiр өтiнiшке сызықша арқылы жазылатын, ағымдағы жылға және өтiнiштiң реттiк нөмiрiне сәйкестi нөмiр берiледi.
      Өтiнiшке берiлген нөмiр өзгермейдi және лизинг шартын (өзге де құқық белгiлеушi құжатты) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру кезiнде оны мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабанға қою арқылы берiледi.
 

      20. Мемлекеттiк тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналында мынадай бағандар болуы тиiс:
 

      1) "Өтiнiштiң N";
 

      2) "Өтiнiш берушiнiң атауы (Т.А.Ә.)";
 

      3) "Өтiнiш қабылдаған күн";
 

      4) "Құжаттың берiлген күнi, алушының тегi, аты-жөнi және қолы".
      Тiркеушi органның қарауы бойынша мемлекеттiк тiркеуге түсетiн құжаттардың есебiн жүргiзу журналының мазмұнына қосымша бағандар кiргiзiлуi мүмкiн.

7. ЖЫЛЖЫМАЛЫ МYЛIКТIҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГI
ШАРТТАРЫНЫҢ ТIЗIЛIМI

      21. Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiнде мыналар болуы тиiс:
 

      1) лизинг шартын, лизинг шартына өзгерiстер мен толықтыруларды, сублизинг шартын мемлекеттiк тiркеген күн;
 

      2) лизинг алушы және лизинг берушi туралы деректер;
 

      3) құқық белгiлеушi құжаттың (лизинг шартының, лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шарттың, сублизинг шартының) нөмiрi;
 

      4) лизинг шартының, лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулардың, сублизинг шартының жасалған күнi және орны;
 

      5) лизинг мәнi;
 

      6) лизинг мәнiнiң құны;
 

      7) шарттың қолданылу мерзiмi;
 

      8) лизинг шартының, сублизинг шартының тоқтатылуы туралы деректер.    

8. ЛИЗИНГ ШАРТЫН ТIРКЕУДI ТОҚТАТА ТҰРУ
ЖӘНЕ ОДАН БАС ТАРТУ YШIН НЕГIЗДЕР

      22. Мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұру үшiн лизинг шарты тараптарының бiрiнiң не лизинг шартын даулаушы өзге мүдделi тұлғаның жазбаша арызы негiз болып табылады. Мемлекеттiк тiркеу 10 күннен аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы мерзiм iшiнде лизинг шартын даулаушы тұлға өзi беретiн талап арызға дәлелдер ұсынбаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылуы тиiс, ал сотқа талап арыз беруге дәлелдер ұсынған ретте дауланып отырған лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу iстi сот шешкенге дейiн тоқтатыла тұрады.
 

     23. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн мынадай жағдайлар негiз болады:
 

     1) лизинг шартының "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуi;
 

     2) құжаттарда ескертiлмеген тазалаулар, мәтiнде түзетулер, өңделген iздерiнiң болуы;
 

     3) тиiстi емес тұлғаның мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш бiлдiруi;
 

     4) осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн құжаттардың тапсырылмауы.
 

     24. Бас тарту жазбаша түрде ресiмделедi және құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi ішiнде өтiнiш берушiге жiберiледi.
 

     25. Мемлекеттiк тiркеуден бас тарту үшiн негiз болған мән-жайлар жойылған кезде өтiнушi тiркеу органына жаңа өтiнiш берiп, қайтадан жүгiнуге құқылы.
 

     26. Өтiнiш берушi, лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға не мемлекеттiк тiркеуден жалтаруға сот тәртiбiмен шағымдана алады.

9. МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ КЕЗІНДЕ ЖIБЕРIЛГЕН
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАТЕЛЕРДI ТYЗЕУ

      27. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жiберiлген жазудағы техникалық қателер қате анықталғаннан немесе кез келген мүдделi тұлғадан жазудағы қате туралы жазбаша түрде өтiнiш алғаннан кейiн тiркеушi органның шешiмiмен үш күн мерзiмде түзетiледi. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде туындайтын қатынастардың қатысушылары техникалық қателердiң түзетiлгені туралы осындай мерзiмде мiндеттi түрде жазбаша ақпарат алады. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қатенi түзету, егер мұндай түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтiруi немесе оларды бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз жоқ болған жағдайда жүзеге асырылады.
 

      28. Егер техникалық қатенi түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделерiне залал келтiруi немесе бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз бар болған жағдайларда, мұндай түзету лизинг шарты тараптарының келiсiмiмен не сот шешiмiмен жүргiзiледi.

10. ТIРКЕЛГЕН ЛИЗИНГ ШАРТЫНА ӨЗГЕРIСТЕР
МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ТӘРТIБI.
ТIРКЕЛГЕН ЛИЗИНГ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН
ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ ЖАЗУДЫ ЕНГIЗУ

      29. Тiркелген лизинг шартына өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органға өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi. Өтiнiште бастапқы тiркелген лизинг шартына сiлтеме, лизинг шартына өзгерiстердiң және толықтырулардың сипаттамасы болуы тиiс. Өтiнiшке лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шарттың екi түпнұсқа данасы қоса тапсырылуы тиiс, оның бiреуi өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырғаннан кейiн мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан басылып, өтiнiш берушiге қайтарылады.
 

      30. Тiркелген лизинг шарты тоқталған кезден бастап үш күн iшiнде өтiнiш берушi тiркеушi органға жазбаша хабарлама және лизинг шарты тоқтатылғанын растайтын құжаттарды жiберуге мiндеттi.
      Тiркеушi орган тiркелген лизинг шарты тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарламаны алған кезден бастап Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне лизинг шартының қолданылуы тоқтатылғаны туралы тиiстi жазу енгiзедi.
 

      31. Лизинг шартын және оны мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде мүдделi тұлға тiркеушi органға лизинг шартын мемлекеттiк тiркеудi жою туралы өтiнiш беруге құқылы.
      32. <*>
      Ескерту. 32-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.11.26. N 1181 қаулысымен .

11. ЛИЗИНГ ШАРТЫН МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ ТУРАЛЫ
АҚПАРАТ БЕРУ

     33. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы деректердi тiркеушi орган осы ақпаратты сұраған кез келген тұлғаға бередi.
 

     34. Құқық белгiлеушi құжаттардың (лизинг шарты және басқалар) көшiрмелерi құқық иеленушiнiң сұрауы бойынша, құқық қорғау, сот, салық, кеден және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сұраулары бойынша берiледi. Өзге жағдайларда көрсетiлген құжаттар құқық иеленушiнiң жазбаша келiсiмiмен берiледi.     

12. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ
ТӘРТIБIН БҰЗҒАНЫ YШIН ЖАУАПТЫЛЫҚ

      35. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуге және мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар сотпен шешiледi.
 

      36. Тiркеушi орган заңнамалық кесiмдермен белгiленген тәртiпте мыналар үшiн жауапты болады:
      1) лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу ережесiн сақтамау;
 

      2) "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сай келмейтiн лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу;
 

      3) мемлекеттiк тiркеу және Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне енгiзу үшiн оған берiлген лизингi шарты туралы мәлiметтердiң дәл еместiгi, толық енгiзiлмеуi және ақпаратты бұрмалау;
 

      4) мүдделi тұлғалардың сұрауы бойынша Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiнен үзiндi беруден заңсыз бас тарту;
 

      5) мемлекеттiк тiркеу үшiн тапсырылған құжаттарды және ақпаратты, сондай-ақ Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртiбiн бұзу;
 

      6) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария ету.
 

      37. Егер өтініш беруші осы Ереженің 30-тармағының талаптарын
орындамағаны салдарынан лизинг шарты туралы ақпараттың мазмұны бұрмаланса, тіркеуші орган мұндай бұрмалаушылық үшін жауапты болмайды.
 

      38. Мемлекеттік тіркеу, ақпарат беру тәртібін бұзумен, ақпараттың мазмұны бұрмалануымен келтірілген шығындар тіркеуші органның өтеуіне жатады. Беруге болатын және берілуі тиіс ақпаратты жасыруға ықпал ететін мәліметтерді қасақана бұрмалау және өзге де әрекеттер заңнамалық кесімдермен белгіленген тәртіпте жауаптылыққа әкеп соқтырады.    

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады