"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 10 мамыр N 613

 


     Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне "Астана - жаңа қала"

арнайы экономикалық аймағының мәселелерi бойынша өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                      Қазақстан Республикасының Заңы


    Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне "Астана - жаңа

   қала" арнайы экономикалық аймағының мәселелерi бойынша өзгерiстер

                      мен толықтырулар енгізу туралы


     1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзiлсiн:

     1) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi 


Z952235_


  Заңына

(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат;

N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң

Жаршысы 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15,

281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N

10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14,

195-205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4,


45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат, 2001 жылғы 30 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Z010147_ Заңы):
      57-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
      "28) инфрақұрылым, әкiмшілiк және тұрғын үй кешендерi объектiлерiн салу мақсаттары үшiн "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдар.
      Осы тармақшада көзделген жеңiлдiктер заңды тұлғаларға, сондай-ақ Астана қаласының аумағында тiркелген тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместерге және Астана қаласында тұрақты тұратын орны бар заңды тұлғаларды құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларға қолданылады.";
      58-баптың 2-тармағының 2)-4) тармақшаларында және 3-тармағында "экспорт режимiнде" деген сөздерден кейiн "немесе еркiн кеден аймағы режимдерiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 60-1-баппен толықтырылсын:
      "60-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында сатылатын тауарларға салық салу
      1. Жобалау-смета құжаттамаларына сәйкес "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында инфрақұрылым, әкімшiлiк және тұрғын үй кешендерi объектiлерiн салу және iске қосу процесiнде толығымен қолданылатын тауарлар мен жабдықтарды сатуға нөлдiк ставка бойынша қосылған құнға салынатын салық салынады.
      2. Осы бапқа сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша нөлдiк ставканы қолдану үшiн:
      1) инфрақұрылым, әкiмшiлiк және тұрғын үй кешендерi объектiлерiн салуды жүзеге асыратын, осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалармен жасалған тауарларды беруге арналған шарт (келiсiм-шарт);
      2) еркiн кеден аймағының кеден режимiнде тауарлар өткiзудi жүзеге асыратын кеден органы ресiмдеген жүк кеден декларациясының көшiрмесi;
      3) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларға тауарлардың жөнелтiлгенiн растайтын тауарлық iлеспе құжаттар;
      4) осы Заңның 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасында көрсетiлген тұлғалардың тауарларды алғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерi негiз болып табылады.
      123-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) инфрақұрылым және әкiмшiлiк кешенi объектiлерiн салу жүзеге асырылған немесе салынған "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында жатқан.";
      132-бап мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың үйлер мен ғимараттарының қалдық сомасы мүлiкке салық салу объектiсi болып табылмайды.";
      2) "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шiлдедегi Z952368_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18, 357-құжат; 1997 ж., N 11, 144-құжат; N 12, 189-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 46-құжат; N 24, 436-құжат; 1999 ж., N 20, 717-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат, 142-құжат; N 10, 244-құжат, 2000 жылғы 16 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 қарашадағы N 98-ІІ Z000098_ Заңы):
      71-бап мынадай мазмұндағы екiнші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы еркiн кеден аймағының кеден режимi - бұл осы Заңда және Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен акциздер салынатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде анықталған шарттарда қолданылатын кеден режимi.";
      73-1-бап үшiншi бөлiктен кейiн мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы Заңмен арнайы экономикалық аймақтың аумағында еркiн кеден аймағының кеден режимiмен тауарларды орналастыруға қатысты өзге де ережелер белгiленуi мүмкiн.".
      мынадай мазмұндағы 82-1-баппен толықтырылсын:
      "82-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында кедендiк реттеудiң ерекшелiктерi
      "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында осы Заңның 71-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген шарттарда қолданылатын еркiн кеден аймағының кеден режимiмен мыналарды:
      құрылысқа арналған машиналарды және жабдықтарды;
      арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы құрылыстарда толығымен пайдаланылатын тауарларды;
      жобалау-смета құжаттамаларына сәйкес объектілердi салуға және пайдалануға беруге қажетті тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға рұқсат етіледi.
      3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 Z962823_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 жылғы 29 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет мәселелері бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 желтоқсандағы Z980334_ Заңы; 1999 жылғы 1 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 31 наурыздағы Z990354_ Заңы):

 

     1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "1-бап. Осы Жарлықпен реттелетiн қатынастар

     Осы Жарлық Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық

аймақтарды құрудың, олардың жұмыс істеуiнiң және таратылуының жалпы

құқықтық негiздерiн белгiлейдi.";

     4-баптың 2-тармағында "Қазақстан Республикасы қатысушы болып

табылатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы бекiткен" деген сөздермен

ауыстырылсын;

     7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

     "7-бап. Арнайы экономикалық аймақты басқару

     Арнайы экономикалық аймақты басқаруды аумағында арнайы экономикалық

аймақ орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органы

жүзеге асырады.";

     8, 9-баптар және 11-баптың 2-тармағы алынып тасталсын;

     12-бапта:

     екiншi бөлiк алынып тасталсын;

     үшiншi бөлiкте "Аталған тауарлар мен жабдықтарды" деген сөздер

"Тауарларды" деген сөзбен ауыстырылсын;

     13-бап алынып тасталсын.

     2-бап. Осы Заңның 1-бабы 1) тармақшасының бесiншi абзацын қоспағанда,

осы Заңның 1-бабының 1) және 2) тармақшалары "Астана - жаңа қала" арнайы

экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзiмi ішінде қолданылады, бiрақ бес

жылдан аспайды.

     3-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады