Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды металлургия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 мамыр N 623

      Қазақстан Республикасының білім саласына тікелей инвестицияларды тарту мақсатында және "Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды металлургия институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен "Қарағанды металлургия институты" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
      1) Қоғам жарғысын бекіту кезінде оның қызметінің негізгі мәні: 
      металлургия саласында жоғары білікті мамандар даярлау және қайта даярлау; 
      металлургия саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу деп белгіленсін; 
      2) Қоғамды мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін белгіленген тәртіппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесі эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекітілген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібіне сәйкес жүргізсін; 
      3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралар орындағаннан кейін оның жарғылық капиталын 4500000 (төрт миллион бес жүз мың) АҚШ долларына баламалы сомаға акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен ұлғайту шараларын қабылдасын, оны орналастыруды "Испат-Кармет", "Қазақмыс" корпорациясы" және "Қазхром" трансұлттық компаниясы" ашық акционерлік қоғамдары арасында тең үлеспен жүргізсін; 
      4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкіметінің              
2001 жылғы 11 мамырдағы        
N 623 қаулысымен            
бекітілген                

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне 
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесіндегі: 
      "Қарағанды облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-7-жолмен толықтырылсын: 
      "214-7. "Қарағанды металлургия институты" ЖАҚ". 
      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына
      көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесіндегі: 
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-9-жолмен толықтырылсын:
     "222-9. "Қарағанды металлургия институты" ЖАҚ".
     4) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады